2013 жылғы
«Таланттар жұлдызды сәті» Республикалық
балалар шығармашылығының фестивалі
6 ауысымының
БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ
(02.05 – 21.05.2013ж)
ҚР БҒМ 2013 жылға арналған жоспар - кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2 және 21 мамыр аралығында «Таланттар жұлдызды сәті» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі тақырыбында 6 ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: Республикалық, Халықаралық әншілермен аспапшылар
байқауларына қатысушылар мен жеңімпаздар
Ауысымның мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдау, өнердің әр саласындағы қатысушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Ауысымның міндеттері:
- балалардың шығармашылық қабілеттерін практикалық тұрғыда дамытуға жағдай жасау;
- балаларды эстетикалық тәрбиелеу, шығармашылықты дамыту;
- жарысқа қатысушылардың әрі қарай дамуына және мамандығын айқындау,
- балалардың дүниетанымын дамыту;
- өнердің әр саласында эксперименталды технологиялары мен жаңа бастамалады табу.
Ауысымның бағдарламасы:
- Топ визиткасын қорғау кеші;
- 2013 жылдың 6 ауысымының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы;
- 6 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
- «Біз әлемдегі тыныштық үшін!» митингі;
- «Туған күніңмен!» туған күн иелеріне арналған концерт;
- Спорт күндері;
- КТК ойыны;
- «Екі жұлдыз» шоуы;
- Қазақтың ұлттық ойындар;
- «Бәрін білгім келеді!» зияткерлік ойыны;
- 3D форматындағы ұйымдастырушы-ұстаз;
- «Әуенді тап» музыкалық ойын - сауығы;
- «Достық бізбен мәңгі бірге» гала-концерт.
Ауысым бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Таланттар жұлдызды сәті» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі бағдарламасында 3 деңгей бойынша: іріктеу, шығармашылық, гала концерт және төмендегідей жанрлар бойынша байқау өтеді.
- вокал (классикалық, халықтық, жанашыл эстрадалық);
- хореография (халық, классикалық, спорт-балдық және жанашыл эстрадалық би);
- аспаптық - орындаушылар, халықтық және классикалық аспаптық ансамблдер (халықтық, үрмелі және шертпелі).
2013 жылдың 6 ауысымының салтанатты түрде ашылуы 2013 жылы 5 мамыр сағат 16.30.
2013 жылдың 6 ауысымының салтанатты түрде жабылуы 2013 жылы 19 мамыр сағат 16.30.
Мекен - жайымыз: 021700, «Балдәурен» РОСО
Ақмола облысы
Щучинск қаласы
телефон/факс 8 (71636) 4-55-67 (қабылдау бөлмесі),
Е – mail: baldauren@mail.ru
2013 жылғы
«Таланттар жұлдызды сәті» Республикалық
балалар шығармашылығының фестивалі
6 ауысымының
БАСПАСӨЗ - ХАБАРЛАМАСЫ
(02.05 – 21.05.2013ж)
ҚР БҒМ 2013 жылға арналған жоспар - кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2 және 21 мамыр аралығында «Таланттар жұлдызды сәті» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі тақырыбында 6 ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: Республикалық, Халықаралық әншілермен аспапшылар
байқауларына қатысушылар мен жеңімпаздар
Ауысымның мақсаты: дарынды балаларды анықтау және қолдау, өнердің әр саласындағы қатысушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Ауысымның міндеттері:
- балалардың шығармашылық қабілеттерін практикалық тұрғыда дамытуға жағдай жасау;
- балаларды эстетикалық тәрбиелеу, шығармашылықты дамыту;
- жарысқа қатысушылардың әрі қарай дамуына және мамандығын айқындау,
- балалардың дүниетанымын дамыту;
- өнердің әр саласында эксперименталды технологиялары мен жаңа бастамалады табу.
Ауысымның бағдарламасы:
- Топ визиткасын қорғау кеші;
- 2013 жылдың 6 ауысымының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы;
- 6 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
- «Біз әлемдегі тыныштық үшін!» митингі;
- «Туған күніңмен!» туған күн иелеріне арналған концерт;
- Спорт күндері;
- КТК ойыны;
- «Екі жұлдыз» шоуы;
- Қазақтың ұлттық ойындар;
- «Бәрін білгім келеді!» зияткерлік ойыны;
- 3D форматындағы ұйымдастырушы-ұстаз;
- «Әуенді тап» музыкалық ойын - сауығы;
- «Достық бізбен мәңгі бірге» гала-концерт.
Ауысым бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында «Таланттар жұлдызды сәті» Республикалық балалар шығармашылығының фестивалі бағдарламасында 3 деңгей бойынша: іріктеу, шығармашылық, гала концерт және төмендегідей жанрлар бойынша байқау өтеді.
- вокал (классикалық, халықтық, жанашыл эстрадалық);
- хореография (халық, классикалық, спорт-балдық және жанашыл эстрадалық би);
- аспаптық - орындаушылар, халықтық және классикалық аспаптық ансамблдер (халықтық, үрмелі және шертпелі).
2013 жылдың 6 ауысымының салтанатты түрде ашылуы 2013 жылы 5 мамыр сағат 16.30.
2013 жылдың 6 ауысымының салтанатты түрде жабылуы 2013 жылы 19 мамыр сағат 16.30.
Мекен - жайымыз: 021700, «Балдәурен» РОСО
Ақмола облысы
Щучинск қаласы
телефон/факс 8 (71636) 4-55-67 (қабылдау бөлмесі),
Е – mail: baldauren@mail.ru
«Қазақстан ұлттық телеарнасына 55 жыл»
Республикалық байқауды өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
«Қазақстан ұлттық телеарнасына 55 жыл» Республикалық байқауы қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазу, арнау өлеңдері, балалардың өз ойларын жеткізудегі көркемдік қабілеттерін дамытуды және балалар орталықтары (лагерлер) арасында достықты нығайтуды негізгі мақсат етіп алады.
Байқау келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
талантты, шығармашыл тұлғаларды дамыту және қолдау көрсету;
оқушылар арасында белсенді өмірлік ұстанымды анықтау;
қазақ және орыс тілдерінің көркемдік тәсілі арқылы барлық өңірлердегі балалар лагерлерінің даму тарихын көрсету.
2. Байқауды өткізу тәртібі
«Қазақстан ұлттық телеарнасына 55 жыл» Республикалық шығармалар байқауына жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде 2013 жылдың 9- сәуірінен 31 қараша аралығында қабылданады. 31 қарашадан кейін келген шығармалар жұмысы байқауға қабылданбайды.
3. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушылар Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мекемелерінде оқитын 5-9 сынып оқушылары, 16 жастан үлкен емес.
4. Байқау жұмыстарына қойылатын талаптар
Тақырып «Қазақстан ұлттық телеарнасына 55 жыл» Республикалық шығармалар байқауы қазақ және орыс тілдерінде өткізіледі. Жұмысты суреттер мен фотосуреттермен безендіруге болады. Байқауға жіберілетін жұмыстар жеке орындалады. Ұжымдық жұмыстар қарастырылмайды.
Байқауға шығармалар электронды түрде беріледі (3 беттен кем емес, формат А4, 14 шрифт Times New Roman, аралық интервал - 1,5). Шығарма арнайы байқауға арналып жазылған және бұрын еш жерде басылымда болмауы қажет. Осындай талаптарға сәйкес келмейтін шығармалар ұйымдастыру комитетімен қаралмайды.
Шығарманың титулды парағы келесі реквизиттерді сақтауы қажет: атауы, автордың аты-жөні, тегі (фотосы), ұстазының аты-жөні, тегі, жалпы білім беру мекемесінің, орталықтың (лагердің) мекен-жайы, сыныбы, жасы, байланыс телефоны, e-mail.
5. Жұмыстың мазмұны келесі шарттар бойынша бағаланады:
Жұмыстың аталған тақырыпқа сәйкестігі;
Тақырыпты ашу;
Материалды логикалық тұрғыдан құру;
Аталған жұмысты безендіру;
Материалды толық ашу және сауаттылық, көркем сөздерді тиімді қолдану.
6. Марапаттау
Байқаудың қорытындысы бойынша шығармалар тілдеріне байланысты бірінші, екінші, үшінші орындарға беріледі. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен марапатталады және ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Балдәурен» РОСО-на жолдамалар беріледі.
Байқаудың қорытындысы 2013 жылдың қараша айында шығарылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Үздік шығармалар орталықтың ағымдағы басылымдарында және http://www.baldauren.org сайтында қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді.
7. Жұмыстар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы, вaldauren@mail.ru поштасына «Қазақстан ұлттық телеарнасына 55 жыл» атауымен жіберілуі қажет, 021700, Ақмола облысы, Щучинск қ, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі тел. факс: 8 (71636) 4-50-99
«Келісілді»
Бас директордың ОТЖ б/ша орынбасары Баржақсымов Б.Қ.
АӘБ меңгерушісі Виговская Е.Н.
БК директоры Шарипова Г.Х.
Филология циклының ӘБ мұғалімдері Дауленова Г.З.
Жусупова К.К.
«Балалар сауықтыру орталықтарының тәрбие кеңістігінде балаларды медициналық-психологиялық және дене саулығын сүйемелдеудің өзекті мәселелері» республикалық семинар-практикумының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2013 жылдың 17 - 19 сәуір күндері Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім Департаментінің қолдауымен «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалар демалысы мен сауығуын ұйымдастыру саласындағы басшылар, медициналық қызметкерлер, психологтар мен қызметкерлеріне арналған «Балалар сауықтыру орталықтарының тәрбие кеңістігінде балаларды медициналық-психологиялық және дене саулығын сүйемелдеудің өзекті мәселелері» тақырыбында республикалық семинар-практикум өтеді. Сонымен қатар семинар-практикумға тәрбие және балалардың бос уақытын, демалысын, сауығуын ұйымдастырушы республикалық, облыстық, аудандық білім беру жүйесі мамандары, ғалымдар, педагогтар, әдіскерлер, ұйымдастырушы - ұстаздар шақырылады.
Семинар-практикум аясында уақытша балалар ұжымында балаларды медициналық-психологиялық және физикалық сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылау, дөңгелек үстел, көрме, шеберлік сыныптары және балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастырушы жетекші мамандар мен ғалымдардың қатысуымен кеңес беру сағаты жоспарлануда.
Семинар-практикум жұмысында ҚР БҒМ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, медициналық және психологиялық орталықтар басшылары, облыстық және аудандық білім беру ұйымдарының мамандары, әдіскерлер қатысады. Республикалық семинар-практикум барысында балалардың демалысы мен сауығуын тиімді қамтамасыз етудің іс-шаралары кеңінен талқыланады:
- нормативті - құқықты қамтамасыз ету;
- балалармен жұмыс жасайтын медициналық - психологиялық кадрларды даярлау, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау;
- балалар демалысы мен сауығуын әдістемелік-бағдарламалық қамтамасыз ету;
- демалыс пен сауықтыру мекемелерінде балаларға ұсынылатын қызмет түрлері;
- балалардың денсаулығын қорғау мен сақтау.
Семинарға қатысушылар өздерінің практикалық іс-әрекеттері тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі уақыттағы балалар лагері жағдайында нормативті-құқықты қамтамасыз ету, медициналық - психологиялық жүйені басқару, құрастыру және сауықтыру бағдарламаларын моделдеу, сонымен қатар балалар орталықтарының қызметін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін көтеруге мүмкіндік алады.
«Балалар сауықтыру орталықтарының тәрбие кеңістігінде балаларды медициналық-психологиялық және дене саулығын сүйемелдеудің өзекті мәселелері» республикалық семинар-практикумының ашылуы 2013 жылдың 18 сәуірінде сағат 9.30-да Щучинск қаласы, Щучье көлінің жағалауы, «Балдаурен» оқу-сауықтыру орталығында өтеді.
Семинар-практикум қорытындысы және қатысушыларға сертификаттарды тапсыру 2013 жылы 19 сәуірде сағат 19.00.-де Орталықтың концерт залында болады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Мектепке дейінгі және орта білім департаменті
«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2013 жылдың 17 - 19 сәуір күндері ҚР Білім және ғылым министрлігі, мектепке дейінгі және орта білім Департаментінің қолдауымен «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында балалар демалысы мен сауығуын ұйымдастыру саласындағы басшылар, медициналық қызметкерлер, психологтар мен дене тәрбиесі және спорт мамандарына арналған «Балаларды сауықтыру орталықтарының тәрбие кеңістігінде медициналық-психологиялық және дене саулығын сүйемелдеудің өзекті мәселелері» тақырыбындареспубликалық семинар-практикумы өткізіледі.
Семинар-практикум жұмысына ҚР БҒМ, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері, медициналық және психологиялық орталықтар басшылары, жетекші ғалымдар, облыстық және аудандық білім беру ұйымдарының мамандары, әдіскерлер қатысады. Республикалық семинар-практикум барысында балалардың демалысы мен сауығуын тиімді қамтамасыз етудің іс-шаралары кеңінен талқыланады:
- нормативті - құқықты қамтамасыз ету;
- балалармен жұмыс жасайтын медициналық - психологиялық кадрларды даярлау, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау;
- балалар демалысы мен сауығуын әдістемелік-бағдарламалық қамтамасыз ету;
- демалыс пен сауықтыру мекемелерінде балаларға ұсынылатын қызмет түрлері;
- балалардың денсаулығын қорғау мен сақтау;
Семинарға қатысушылар өздерінің практикалық іс-әрекеттері тәжірибесімен бөлісіп, қазіргі уақыттағы балалар орталықтары жағдайында нормативті-құқықты қамтамасыз ету, медициналық - психологиялық жүйені басқару, құрастыру және сауықтыру бағдарламаларын моделдеу, сонымен қатар балалар орталықтарының қызметін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу мәселелері бойынша кәсіби құзыреттілігін көтеруге мүмкіндік алады.
Семинар-практикум аясында уақытша балалар ұжымында балаларды медициналық-психологиялық және дене саулығын сүйемелдеудің өзекті мәселелерін талқылау, «Балалар демалысы мен сауықтырудың өңірлік үлгілері: тәжірибе және инновация» тақырыбында дөңгелек үстел, «Тәрбие-сауықтыру кеңістігі жағдайында әлеуметтік-педагогикалық жобалау» көрмесі, шеберлік сыныптары және балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастырушы жетекші мамандар мен ғалымдардың қатысуымен кеңес беру сағаты жоспарлануда.
Семинар-практикум бағдарламасында келесі мәселелер қарастырылады:
1. Балалар сауықтыру мекемелерінде медициналық қызметті ұйымдастыру мен ұсыну:
· Балаларды сауықтыру бағдарламасы. Емдік-профилактикалық және сауықтыру жұмыстарының түрлері мен әдістері;
· Профилді лагерлердің құрылғыларына, жұмыс тәртібінің мазмұны мен ұйымдастырылуына қойылатын санитарлы-эпидемиологиялық талаптар;
· Сауықтыру орталықтарында балалардың денсаулығы мен өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтау;
· Балалар мен жасөспірімдер сауығуын тиімді арттыру жолдары;
· Балалар тамақтануын ұйымдастыруда медициналық қызметкердің бақылауды жүзеге асырудағы рөлі (тамақтану тәртібін бақылау, даярлау технологиясы, дайын тағамның сапасы, тамақ кешенінің санитарлы жағдайы мен мазмұны және т.б.).
2. Балалар сауықтыру орталықтарында тамақтануды ұйымдастыру:
· Балаларды құнарлы тамақтанумен қамтамасыз ету. Балалар мен жасөспірімдердің азық-түлік тағамдарын физиологиялық қолданудың нормалары. Мектеп тағамы рационының энергетикалық сыйымдылығы мен дәмдік сапалары. Ұсынылатын мәзір. Тыйым салынған тағамдар;
· Балалар мен жасөспірімдердің диеталық және емдік-профилактикалық тамақтануын ұйымдастыру, оның ішінде медициналық көрсеткіштері бойынша;
· Емдік-профилактикалық тамақтану, диеталық тамақ. Балалар тағамының құнарлылығына арналған дәрумендік-минералды кешендер мен биологиялық белсенді қосымшалар. Тамақтанудың мезгілдік ерекшеліктері.
· Инновациялық технологияларды ендіру тәжірибесі (төменгі температурада қайнату, вакуумдау, дефростация, пастеризация, тағамдарды дәрумендендіру).
3. Уақытша балалар ұжымында психологиялық қызмет жұмысының негізгі бағыттары:
· Психологиялық-педагогикалық жұмыс бағдарламасы. Бағдарламаны құрастыру логикасы, мазмұнының талдауы;
· Ағарту, диагностикалық, түзету және психотерапиялық жұмыстарды жүзеге асыру;
· Психологиялық қызметтің инновациялық технологиялары, соның ішінде балалар мен жасөспірімдердің әлеуметтік қорғалмаған категориясымен жұмыс;
· Оқушылардың физикалық даму деңгейі мен денсаулық жағдайына байланысты зерттеулер жүргізу.
4. Балалар сауықтыру орталығының сауықтыру жүйесі:
· Серуендерді, саяхат пен жорықтарды ұйымдастыру;
· Дене тәрбиелік және спорттық-сауықтыру іс-шаралары;
· Балаларды сауықтыру жүйесінде қоршаған орта факторларын қолдану.
5. Балалар демалысы мен сауығуы саласындағы менеджмент:
· Балаларды сауықтыру орталығын басқарудың нормативті-құқықтық қамтамасыз етілуі: сауықтыру орталығындағы балалардың денсаулығы мен өмір қауірсіздігі бойынша; ішкі жағдай, жұмысшылардың қызметтік нұсқаулары; іс қағаздары; орталықтың іс-әрекетіне бақылау; ұйымдастырушы-нұсқаулық құжаттар; төлемдер бойынша есепке алу құжаттары;
· Оқу-сауықтыру орталықтары жағдайында басқару міндеттерін шешу. Өндірістік бақылау бағдарламасы. Мерзімдік жұмыс жағдайында еңбек келісім-шарттарының рәсімделуі. Балаларды сауықтыру орталықтары ұсынатын қызметтер сапасының мониторингі;
· Балалар оқу-сауықтыру орталықтарында ұйымдастырушы – ұстаздар мен тәлімгерлерді даярлаудың әдістемелік қамтамасыз етілуі. «Кәсіби шеберлік мектебі» - ұйымдастырушы-ұстаздар мен тәлісгерлер даярлаудың тәжірибесі. Жазғы демалысты ұйымдастырудағы іс-әрекеттердің түрлері мен әдістерінің көптүрлілігі.
Семинар-практикумның жұмыс тілдері: қазақша, орысша.
Семинар-практикумның жұмысына қатысу туралы өтініштер 2013 жылдың 13 сәуіріне дейін baldauren@mail.ru электронды поштасына «Семинар - практикум, автор фамилиясы» белгісімен қабылданады.
Бағдарламаға сәйкес ақпараттық-әдістемелік әдебиеттердің тұсаукесері мен сатылуы жоспарлануда. Семинар-практикум қатысушыларына өздерімен бірге алып келуге ұсынылады:
- оқу құралдары, монографиялар, ақпаратты-әдістемелік жинақтар, электронды құралдар, фильмдер, іс-шаралар сценарийлері т.б. Сонымен қатар ұйымдастыру комитеті қорына осы аталған ақпаратты-әдістемелік құралдардың бір данасын тапсыру қажет;
- «Шығармашылық шеберханасы» формасында семинар-практикум қатысушыларының шеберлік сыныптарын өткізу үшін материалдары (қалауы бойынша), ұйымдастыру комитетіне өтініште тақырыбымен қоса көрсетілуі керек.
Семинар-практикум қатысушыларына:
- сертификат;
- теориялық және практикалық материалдар;
- ақпараттық-анықтамалық материалдар жинағы;
- Бурабай өңіріне саяхат;
- мәдени бағдарлама;
- қосымша қызметтер (спорттық-сауықтыру) ұсынылады.
Семинарға қатысу жарнасы 3500 тенге. Семинар қатысушыларын Орталықтың жайлы тұрғын корпустарына орналастырамыз (прейскурантта көрсетілген төлемдер бойынша). Ұжымдық жеңілдіктер ескеріледі.
Семинар-практикум жұмысына белсенді қатысушылар (баяндамашы немесе дөңгелек үстел жетекшісі ретінде)
өтінішті 25 наурызға дейін баяндама тақырыбы мен тезисін қоса жіберуі керек.
Толық мәліметті Орталықтың www.baldauren.org сайтынан ала аласыз.
Анықтама үшін байланыс телефондары:
Тел./факс: 8-71636-45099 – Баржақсымов Бірлік Қадырбекұлы, бас директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
8-71636 – 45567 (218) - Ғылыми-әдістемелік бөлім
Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы мұғалім» атты жас педагогтардың
І Республикалық байқауын өткізу ережесі
1. Жалпы ереже
1.1 «Жаңа мектепке - жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтардың І Республикалық байқауы (келесі –Байқау) жас педагогтардың әлеуметтік статусын және шығармашылық потенциалын белсендіру, әрі қарай кәсіби шеберліктерін жетілдіруіне жағдай жасау және оларды Қазақстан Республикасының білім мекемелерінде бекіту мақсатында «Біздің жаңа мектебіміз» педагогтардың инновациялық белсенділіктерін дамыту, ұлттық білім инициативасын жүзеге асыру аясында өткізіледі.
Байқау Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің қолдауымен «Балдәурен» РМҚК РОСО базасында өткізіледі.
1.2. Байқаудың міндеттері:
- талантты жас педагогтарды анықтау;
- педагог еңбегінің дәрежесін көтеру;
- жас педагогтардың инновациялық идеяларды және түрлерді іздеу ісін жетілдіру;
- жас педагогтарды дәстүрлі мәдени-білім ортасына тарту;
- педагогикалық қауымға жас педагогтардың жетістіктерін тарату.
1.3. Байқаудың қатысушылары барлық типтегі білім мекекмелерінің өтініші байқауға қатысуға өтініш берген барлық педагог қызметкерлері:
- жоғары және кәсіби орта білімді;
- білім мекемесінде үш жыл педагогикалық өтілі бар мамандар.
2. Байқау шарты
2.1. Байқау 2013 жылдың 1 наурызынан 26 сәуір аралығында екі кезеңде өткізіледі.
I кезең (тур) – сырттай: 2013 жылдың 1 наурызынан 1 сәуірге дейін өткізіледі;
II кезең (тур) – республикалық: 2013 жылдың 21 мен 25 сәуір аралығында.
2.2. IIкезеңге (турға) қатысушыларды таңдауды «Балдәурен» РМҚК РОСО өткізеді. «Балдәурен» РОСО жұмыс жағдайын ескеріп байқау сабақтары тек 5 – 9 сыныптар аралығында өткізіледі.
2.3. Байқауға қатысушы «Балдәурен» РМҚК РОСО-на білім мекемесінің мөрі және басшысының қолы қойылған өтініш жазылған бланкті толтырып жібереді(қосымша 1).
Материалдарды (құжаттарды) 2013жылдың 1 сәуіріне дейін кешіктірмей жіберу.
2.4. «Балдәурен» РМҚК РОСО көрсетілген уақыттан кеш келген құжаттар қабылданып, қаралмайды.
Байқауға келген құжаттарға пікір жазылмайды және қайтарылмайды.
2.5.І кезеңнің қорытындысы 2013жылдың 6 сәуірінде «Балдәурен» РОСО сайтында жарияланады ( РУОЦ «Балдаурен» www.baldauren.org)
2.6. Байқауды ұйымдастыруға және өткізуге ұйымдастыру комитеті, байқаудың қазылар алқасы құрылады, құрамы мен жұмыс тәртібі «Балдәурен» РОСО әкімшілігінің бұйрығымен бекітілген.
2.7. Ұйымдастыру комитетіне мына жұмыстар жүктеледі:
- Байқаудың ұйымдастыру сұрақтарын;
- өтініштерді қабылдау және ұсынылған материалдарды;
- өткізу уақыты, тәртібі және байқаудың қорытындысы жөнінде ақпарат дайындау;
- Байқау жеңімпаздарын анықтаудың критерилерін бекіту.
2.8. пәндер бойынша Байқау қорытындысын шығаруы қазылар алқасына жүктеледі.
3. Байқауды қаржыландыру
Байқауды өткізу шығындарын және жеңімпаздарды марапаттау «Балдәурен» РОСО жүргізеді. Іс сапарлық шығынды жіберген жақ өтейді.
4. Байқаудың қазылар алқасы
Байқаудың қазылар алқасы білім берудің тәжірибелі мамандары, ұсынылған материалдардың сапасын бағалайды және байқаудың барлық түрлеріне қатысып, баға беріп отырады.
Қазылар алқасының Төрағасы:
Ж.А. Жонтаева – ҚР БҒМ мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру департаментінің директоры.
Қазылар алқасының мүшелері:
1. М.Б. Төлепбай – «Балдәурен» РОСО Бас директоры;
2. Ш.А. Кирабаева – «Дарын» РҒПО директоры;
3. Е.Т. Исимбаев – «Өрлеу» ҰБАО» АҚ филиалы «Ақмола облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты директоры;
4. Б.К. Баржақсымов – бас директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары;
5. Виговская Е.Н. – ғылыми-әдістемелік бөлімінің әдіскері
5. Байқаудың өткізу тәртібі
Байқаудың І турына қатысу үшін 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін ұйымдастыру комитетіне төмендегі құжаттар мен материалдарды тапсыру қажет:
- «Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы мұғалім» тақырыбына эссе жазу (өмірлік ұстаным, кәсіби-жеке тұлғалық позиция, жетекші педагогикалық идеялар). Эссе көлемі – А4 форматында 1 – 1,5 бет, қаріп – 14 кегль, интервал – 1,0 (баспа және электрондық түрде);
- Байқауда өткізілетін ашық сабаққа сыныбы, оқыту тілі, қажетті құрылғылар, оқулық авторы көрсетілген өтінім (қосымша 1);
- Ашық сабағының конспекті (баспа және электрондық түрде), баспа бетіне шыққан мақалалары, ғылыми-әдістемелік материалдар (егер педагогта болған жағдайда).
Байқауда мыналар бағаланады:
- Байқау қатысушысының кәсібилігі мен жаңаша идеяларының ұсынылуы;
- Байқау қатысушысының сабақты өткізу, оқушыға білім берудің жаңаша әдіс-тәсілдерін меңгеруі;
- Байқау қатысушысының коммуникативті белгілері;
- Байқау қатысушысының ақпараттық-коммуникативтік технологияны меңгеруі.
Байқау нәтижесі 10 ұпаймен бағаланады. Әрбір қатысушының байқаудағы нәтижесі әр турда жинаған ұпайлардың қосындысы арқылы айқындалады.
Байқаудың бірінші туры (сырттай) – ұсынылған материалдарды, сонымен қатар ашық сабақтың конспектісін сараптау, қатысушының эссесін бағалау.
Байқаудың екінші туры екі тапсырмадан тұрады.
Бірінші тапсырма – «Ашық сабақ». Байқау қатысушылары бейтаныс сыныпта сабақ өткізеді (5-9 сыныптарда). Сабақтың тақырыбын күнтізбелік-тақырыптық жоспарға сәйкес қатысушы өзі анықтайды. Сабақтың өту уақыты – 35 минут. Байқау қатысушысы өтілген сабақты талдайды (әділқазылардың сұрақтарына жауап беруді қоса өзін-өзі талдау уақытына 5 минут беріледі).
Екінші тапсырма – «Шығармашылық жолдың бастамасы» презентациясы. Байқау қатысушылары өздерін және өздерінің кәсібіне деген қатысын ұсынып, таныстырулары қажет (презентация уақыты 5 минуттан аспау қажет).
Байқаудың екі турының қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 қатысушы Байқау лауреаттары болып жарияланады. Жоғары ұпай жинаған лауреат Байқау жеңімпазы болады.
6. Байқаудың қорытындысын шығару, жеңімпаздарды марапаттау
Әділқазылар Байқау қорытындысын шығарады.
6.1. Байқаудың барлық қатысушылары Алғыс хаттармен марапатталады.
6.2. Байқау лауреаттарына Дипломдар мен құнды сыйлықтар беріледі. Байқау жеңімпазына грамота, құнды сыйлықтармен қатар «Жылдың ең үздік жас мұғалімі» деген номинация беріледі
Қосымша 1
«Жаңаша мектепке – қазіргі заманғы мұғалім» атты жас педагогтардың
І Республикалық байқауына
Өтінім
Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты ________________
Жұмыс орны __________________________________
Қызметі ____________________________________
Педагогикалық қызметінің еңбек өтілі _____________
|
Байқау сабағының тақырыбы |
Сынып |
Оқыту тілі |
Оқулық (оқыту құралы) авторы |
Қажетті құрылғылар |
|
|
|
|
|
|
«____» _________ 20___ г. _______________________
(қолы)
Қосымша 2
Құнды сыйлықтар:
Байқау жеңімпазына – «Балдәуреннің» статуэткасы (немесе ноутбук).
Байқау лауреаттарына – планшеттер, фотоаппараттар, флеш-карталар.
Балдәуреннің жалындаған достары.
«Балдәурен» балалар арман аралының қызығы мен шыжығы мол, екінші ауысымы да басталды. Бұл ауысымның тақырыбы «Әдемілік әлемді сақтайды!» Республикалық жас өнертапқыштар кездесуі деп аталды. Ауысымда көптеген мерекелік іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар қазақ эстрадасындағы өзіндік бет-бейнесі, саф алтындай ғажап даусы бар дара жас жеткіншектер, адалдықты, шыншылдықты, тазалықты ту етіп ұстанған халықтың сүйікті әншілері Балдәуренде қонақта. «САТ» триосы балаларының жан дүниесі сондай пәк. «Шынайылықтың болмысы әсем, оны әдетке айналдырған адам да сүйкімді», – деген түрік жазушысы Фетхуллаһ Гүлен айтқандай, жүрген жолына тек ізгіліктің ғана дәнін егіп, әуезді әсем әндерімен халқын тербеп жүрген «САТ» триосы қазақ елінің мақтанышы. Атағы жер жарғанымен, жан дүниелері де өздері де сондай қарапайым. Көздерін қаншама қараңғылық тұлшаласа да, өнерімен өрге жүзіп, барша халыққа өздерінің жылуын сыйлап келе жатқан болашағы жарқын, өнегелі ұлдарымыздың өнері баршамызды таң қалдырды. Олар: Азат Әбілдаев, Сапарбай Алтыбай мен Тұрар Тұрмысов Шымкент қаласындағы көздері нашар көретін балаларға арналған «Үміт» мектеп-интернатының тәрбиеленушілері. Балалардың бойындағы ерекше қасиетті байқап, оны әрі қарай дамытуға үлес қосқан музыка пәнінің мұғалімі, топтың қазіргі музыкалық жетекшісі - Тамара Шілдерханова «Жанарлары көрмесе де, олардың есте сақтау қабілеті өте мықты. Керемет. Әнді лезде жаттап алады, дауыстары ерекше таза. Азат еті тірі, сәл еркелеу, Тұрар баламыз момындау, Сапарбай салмақты. Үшеуінің де арманы бір – ән айту. Сахнаға шыққан сайын шаттанады. Бұлар тума талант иелері» екендіктерін айтады. Осындай алтын дауысымен ән жырдан шашу шашқан балалар біздің орталықтың балаларына да сазды әуенді концерт берді. Бұл кештен балалар ерекше әсер алып, балалардың талантына тамсана қарап, өз ойларымен ұйымдастырушы-ұстаздарымен бөлісті. Құлақтан кіріп бойды алған, әсем ән балалардың аузынан түспей, өнерге деген көзқарасын кеңейтті. Ал, сахнада ән шырқаған жас өрендер өздеріндей құрбы достарының қошеметіне ие бола отырып, шығармашылық шабытын одан әрі жандандыра түсті. «Балдәурен» РОСО-ның бас директоры - Төлепбай Мұхиддин Бекболатұлының қолдауына разы болған «САТ» триосы Балдәуренге өзінің ризашылықтарын білдірді. Ал өз тарапымыздан осындай Талантты жас жеткіншектерімізге өнерлеріңіз өрге жүзсін демекпіз!
«Балдәурен»РОСО-ның ұйымдастырушы-ұстазы
Байманова Перизат Мейрамбекқызы
Для галереи изображений необходима как минимум 9.0.28 Flash версия!
Пожалуйста, инсталируй актуальную версию FlashPlayer.
«Балдәурен»
Республикалық оқу-сауықтыру орталығы,
Ғылыми-әдістемелік бөлім жетекшісі
Жаңылсын Нұрғалиева.
Түрлі өнер иелері «Балдәуренде» қонақта.
Қазақстан елінің барлық аймақтарынан бақытты балалардың басын қосатын, балалардың арман аралына айналған «Балдәуренде» 2013 жылдың 2 ауысымы «Әдемілік әлемді сақтайды!» тақырыбында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен бекітілген жоспар-кесте негізінде ұйымдастырылған болатын. Ауысымда әр аймақтан жас суретшілер, мүсіншілер, өнертапқыштар, сәнгерлер, жас техниктер, қолданбалы өнердің түрлі байқауына қатысушы балалар мен жасөспірімдер бас қосуда.
«Балдәурен» аралындағы 20 күн әр ауысымға қатысушы балалар есінде нәтижелі де, мағыналы, мазмұнды болып қалуы үшін орталықтың Бас директоры Төлепбай Мұхитдин Бекболатұлы елімізге елеулі, танымал адамдарды балалармен жақындастыру жолдарын қарастырады. Осы жолы да «Балдәурен» ортасы толды.
Ауысымдағы балалардың ұлттық қолөнерге деген қызығушылығы Бейсбековтер жанұясымен бірлесе жүргізген қолөнер жұмысы шеберлік-сыныптары барысында оянып, шыңдалғандығы соншалық, балалар өз қолөнер жұмыстарын (қыз-келіншектерге арналған - әсем шәлі, бөбектер мен ересектер үшін – башмақ, әдемі әрленген – бас киім түрлерін, текеметтер т.б. бұйымдар) осы ауысым аяғына дейін аяқтап Балдәуренге естелікке қалдыруға асығуда. Болатбек ағай мен Күләш апай, қыздары Ақбота мен Арайлым Бейсбековтер шын ниеттерімен қазақ өнерін паш етіп, балалармен керемет жұмыстар жасауда. Олар балалардың қазақ қолөнеріне деген құлшынысын жасалған жұмыстары мен салған бейнелерінен көріп жатқандықтарын айтады. Ауысымға арналған 20 күн ішінде көптеген қолөнерге жаны құмар балалар мен жасөспірімдер Бейсбековтер өнеріне тәнті болды.
Балалардың шеберліктері мен қатар рухани байлығын шыңдау мақсатында «Бақытты жұлдыздың астында» атты туған күн иелерін құттықтауға арналған мерекелік концертке Оңтүстік өңірінде «Жылдың ең үздік әншілері» атағына ие болған «САТ» триосы қатыстырылды. Олар кеш барысында туған күн иелерін өз әндерімен құттықтап, 2008 жылдан бері демеушілік жасап, өздеріне ДОС деп таныған «Балдәурен» аралына «Достар» әнін жолдады. Өмірдегі қиындықтарын рухани байлықтары, өнердегі азықтары ән шашуларымен жеңе білген Сапар, Азат, Тұрар есімді жігіттерге алғысын жолдаған «Балдәурен» РОСО Бас директоры Бекболатұлы Мұхитдин ағалары балалар алдында «САТ» триосы жігіттерінің от жанарлары болмаса да, көкіректері кең, сайрап тұрғандығын айта келе, орталықта демалушы балаларға өз дене мүшелерінің бүтіндігін пір тұтып, оқуда озат, тәрбиелі, саналы азамат болуларына шақырды.
Құрметті оқырман, жанымызда жарымжан болса да пейілі кең адамдардың өзімізбен тең екендігін ұмытпайық. Жүрек түбіндегі мейірімділік сәулелеріңізді жылылық шуағындай төгулеріңізге тілектеспіз.
2013 жылғы
«Дәл ғылымдар әлемінде» жас математиктер Республикалық фестивалі
3 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
(22.02-13.03.2013ж)
ҚР БҒМ 2012 жылға арналған жоспар - кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 22 ақпан және 13 науырыз аралығында «Дәл ғылымдар әлемінде» жас математиктер Республикалық фестивалі тақырыбында 3 ауысым өтеді.
Ауысым қатысушылары: Облыстық, республикалық пәндік олимпиадалар, ғылыми жобалар мен математика байқауларының жеңімпаздары, оқу озаттары
Ауысымның мақсаты:
ауысымның негізгі мақсаты - ғылыми-жаратылыстану бағытындағы дарынды балалар мен жастардың білімдерін дамыту және қолдауды қамтамасыз ету.
Ауысымның міндеттері:
- дарынды оқушылардың интеллектуалдық дамуларына және кәсіптік бағдарларын анықтауға жағдай жасау;
- математикалық- жаратылыстану бағытында оқушылардың білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру;
- оқушыларды математика пәні бойынша зерттеу және ғылыми жоба бойынша жұмыс жасауға бағыттау;
- көшбасшылық және патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу;
- ұжымда жұмыс істеуге, қарым-қатынас жасауға жағдай туғызу.
Ауысымның бағдарламасы:
- «Қиял Арбаты» шығармашылық байқау;
- 2013 жылдың 3 ауысымының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы;
- 3 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу және сайлау;
- «Балдәурен-көп ұлтты» ойыны;
- «Менің туған күнім» туған күн иелеріне арналған концерт;
- «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны;
- СӨС сурет байқауы;
- Спорт күндері;
- «Математика-ғылым ханшайымы» шығармашылық кеш;
- «Бизнес сити» станция бойынша ойын;
- Қорытынды гала - концерт.
2013 жылдың 3 ауысымының салтанатты түрде ашылуы 2013 жылы 25 ақпан күні сағат 16.30.
2013 жылдың 3 ауысымының салтанатты түрде жабылуы 2013 жылы 11 наурыз күні сағат 16.30.
Мекен - жайымыз: 021700, «Балдәурен» РОСО РМҚК
Ақмола облысы
Щучинск қаласы
Щучье көлі.
телефон/факс 8 (71636) 4-55-67 (қабылдау бөлмесі),
Е – mail: baldauren@mail.ru
«Әдемілік әлемді сақтайды!»
Республикалық жас өнертапқыштар кездесуі
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
2013 жылдың 30 қаңтар 18 ақпан аралығында «Балдәурен» РМҚК РОСО-да жас суретшілер, мүсіншілер, өнертапқыштар, сәнгерлер, жас техниктер, қолданбалы өнер түрлі байқауларына қатысушылар басын қосатын «Әдемілік әлемді сақтайды!» Республикалық жас өнертапқыштар кездесуі өтеді.
Мақсаты балалардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту, рухани әлемін байыту және танымдық белсенділіктерін жетілдіру.
Міндеттері:
· базалық білімдері, іскерліктері және дағдылары негізінде құралдар мен заттар жасай алуға үйрету, сызбалар мен суреттермен өзіндік жұмыс істеуге дағдыландыру;
· балалар мен жасөспірімдердің эстетикалық талғамдарын қалыптастыру;
· қоршаған ортаны образдық қабылдауға үйрету және оның әсемдігіне назар аударту;
· сурет өнерінің негізгі жанрлары мен түрлері және түстер, композиция, перспектива туралы білімдерін тереңдету.
Аталмыш ауысымды жүргізу тәжірибесі өмірлік қажетті ұстанымдарға тіреледі: балалар мен жасөспірімдер ең үздік мәдениет үлгілеріне тартылып, өнердің жаңа үлгілерін жасауға белсене араласып, шығармашылық энергиясына бөленеді.
Белгілі өнердің хас шеберлері жас суретшілермен шеберлік сыныптар жүргізіп, жоспарлы ұйымдастырылған пленерде бірлесіп жұмыс жасайды.
Ауысым барысында 5-9 сынып оқушылары арасында мектеп ашық сабақтары, «Балдәурен көп ұлтты», «Бәрін білгім келеді» зияткерлік ойындары, «Қысқы ертегі», «Өз жұлдызыңды жақ!» шығармашылық байқаулары, Өнер жәрмеңкесі мен шеберлік сыныптар, «Жібек жолы» театр сәні байқауы, “Бақытты жұлдыздың астында” туған күн иелерін құттықтау концерті, 3D кинофильмін тамашалау, гала-концерт, «АРТ–экспресс», «Кездескенше, Балдәурен!» станциялық ойындары ұсынылады.
· Ауысымның салтанатты ашылуы 2013 жылдың 2 ақпаны сағат 16.30 да
· Ауысымның салтанатты жабылуы 2013 жылдың 16 ақпаны сағат 16.30 да
· Мекен жайы: Щучье қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-шығыс бөлігі «Балдәурен» РМҚК РОСО
· Анықтама үшін байланыс телефоны/факс: 8-71636-45567
Для галереи изображений необходима как минимум 9.0.28 Flash версия!
Пожалуйста, инсталируй актуальную версию FlashPlayer.
2012 жылдың 15 ауысымы
«Біздің біліміміз Отанымыз Қазақстанның гүлденуі үшін»
Оқу озаттарының Республикалық фестивалі
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының 2012 жылғы 15 ауысымы «Біздің біліміміз Отанымыз Қазақстанның гүлденуі үшін» оқу озаттарының Республикалық фестивалі республикалық халықаралық мектеп Олимпиадаларының жеңімпаздары басын қосады.
- Ауысымның мақсаты: мәдениетті және жоғары деңгейлі интеллект тұлғаның қалыптасуына жағдайлар жасау.
Міндеттері:
-
Әр ауысымға қатысушының өзін-өзі интеллектуалды және шығармашыл жағынан көрсете алуына мүмкіндіктер тудыру, оқушылардың танымдық қабілеттіліктерін, ойларын, іс-тәжірибелерін жетілдіру;
-
уақытша балалар ұйымына біріктіру, қарым-қатынас мәдениетіне, сыйластыққа тәрбиелеу;
-
өз бетімен білім алуға ұмтылдыру және оны жетілдіру, басқа адамдармен байланыс жолдарын түсіну, зерделеу және өзіндік сана-сезімін қалыптастыру;
Ауысымның тақырыбына сәйкес мектеп оқу озаттары қабылданады.
Ауысым барысында «Балалық шақ мекені - Балдәурен» отряд визиткасын қорғау кеші, «Өз жұлдызыңды жақ!» шығармашылық байқауы, «Салем Балдәурен!» станциялық ойыны, «Мен патриотпын!» бағдарламасы, «Балдәуренге 10 жыл!» сурет байқауы, «Бақытты жұлдыздың астында» туған күн иелерін құттықтау концерті, «Балдәурен білгірі» зияткерлік ойыны, «Туған күніңмен Жастар!» мерекелік концерті, «Ұлттық ойындар» танымдық спорттық станциялық ойындар және де Сауықтыру спорттық танымдық маршруты бойынша емдік шаралар мен спорттық үйірмелер және киіз үйге саяхат, Бурабай ұлттық паркіне саяхат түрлері жоспарланды.
-
Ауысымның салтанатты ашылуы 2012 жылдың 17 қараша күні сағат 16.30-да.
-
Ауысымның салтанатты жабылуы 2012 жылдың 01 желтоқсан күні сағат 16.30-да өткізіледі.
-
-
Мекен-жайымыз: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің Оңтүстік-батыс бөлігі «Балдәурен» РОСО РМҚК
-
байланыс телефоны/факс: 8-71636-45567
-
2012 жылғы 14 ауысым
Жас физиктер мен математиктердің Республикалық кіші Олимпиадасы туралы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМА
(22.10 – 10.11.2012ж)
ҚР БҒМ 2012 жылға арналған жоспар - кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 22 қазан және 10 қараша аралығында Жас физиктер мен математиктердің Республикалық кіші Олимпиадасы тақырыбында 14 ауысым өтеді.
Ауысымға қатысушылар: физика және математика пәндерінен мектептік, республикалық,
халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары.
Ауысымның мақсаты:
ауысымның негізгі мақсаты - ғылыми-жаратылыстану бағытындағы дарынды балалар мен жастардың білімдерін дамыту және қолдауды қамтамасыз ету.
Ауысымның міндеттері:
- дарынды оқушылардың интеллектуалдық дамуларына және кәсіптік бағдарларын анықтауға жағдай жасау;
- математикалық- жаратылыстану бағытында оқушылардың білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру;
- оқушыларды математика пәні бойынша зерттеу және ғылыми жоба бойынша жұмыс жасауға бағыттау;
- көшбасшылық және патриоттық қасиеттерін тәрбиелеу;
- ұжымда жұмыс істеуге, қарым-қатынас жасауға жағдай туғызу.
Ауысымның бағдарламасы:
- «МиФ Балдәуренде қонақта» отряд визиткасын қорғау кеші;
- 2012 жылдың 14 ауысымының салтанатты түрде ашылуы мен жабылуы;
- 14 ауысымның президентіне үміткерлермен танысу;
- «Балдәурен-көп ұлтты» ойыны;
- «Менің туған күнім» туған күн иелеріне арналған концерт;
- «Не? Қайда? Қашан?» зияткерлік ойыны;
- СӨС сурет байқауы;
- «Би билейік бәріміз!» топтық би кеші;
- Спорт күндері;
- «Балдәурен білгірі» зияткерлік ойыны;
- «МиФ ертегілер әлемінде!» станция бойынша ойын;
- «Математика-ғылым ханшайымы» шығармашылық кеш;
- «Бизнес сити» станция бойынша ойын;
- Гала-концерт.
2012 жылдың 14 ауысымының салтанатты түрде ашылуы 2012 жылы 25 қазан сағат 16.30.
2012 жылдың 14 ауысымының салтанатты түрде жабылуы 2012 жылы 8 қараша сағат 16.30.
Мекен - жайымыз: 021700, «Балдәурен» РОСО
Ақмола облысы
Щучинск қаласы
телефон/факс 8 (71636) 4-55-67 (қабылдау бөлмесі),
Е – mail: baldauren@mail.ru
2012 жылдың 12 ауысымы
« Батырлар, батылдар, күштілер!»
дене шынықтыру-сауықтыру фестивалі
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Балдәурен» РОСО-ның 2012 жылдың 12 ауысымы «Батырлар, батылдар, күштілер!» дене шынықтыру-сауықтыру фестивалі деп аталып, облыстық, республикалық спорттық жарыстардың жеңімпаз командаларын шақырады.
Ауысымның мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру.
Міндеттері:
- Балалар мен жасөспірімдердің спорттық бастамаларын дамытуды нығайту, белсенді демалысын ұйымдастыру.
- Дене шынықтырудың адам өміріндегі басты рөлін ұғындыру.
- Денсаулықты сақтаудағы практикалық әдет пен дағдыларды қалыптастыру.
- Спорттық, шығармашылық, интеллектуалдық, әлеуметтік, психологиялық, сауықтыру іс-шараларды өткізу.
- Еліміздің әйгілі спортшыларын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ауысмының тақырыбына орай спортпен шұғылданатын балалар келеді. Әрине оларды спорттық ойындар мен жарыстар қызықтыратыны сөзсіз. Спорттық кешен осы ескере отырып спорттың әр түрінен жарыстар мен танымдық сайыстар өткізеді.
Спорттық бағыт бойынша – спорттық кешен өткізетін әрттүрлі спорттық жарыстарды, қыймыл ойындарын, спорттық- танымдық ойындары: «О, спорт, сен – бүкіл әлемсің!» зияткерлік ойыны, «Джунгли шақырады», «Қазақстандық спорт жұлдыздары» педагогикалық вернисажы, «Көңілді эстафета», «Ұлттық ойындар» сайысын жатқызуға болады.
Танымдық бағыт бойынша – ҚР президентімен ашық әңгіме, Дене шынықтыру пәндік олимпиадасы, «Балдәурен – көп ұлтты» спорттық-танымдық ойыны, «Аңызды өлке-Бурабай» өлкемен танысу кеші, «Балдәуренге арналады» зияткерлік ойыны, Тілдер күні кешін жатқызамыз.
Шығармашылық бағытқа – «Черлидинг» сайысы, «Достық әні шырқалсыншы әрқашан!» топ визиткасын қорғау кеші, «Өз жұлдызыңды жақ!» шығармашылық байқауы, «Достық бізбен мәңгі бірге» гала-концерт.
Ауысымның салтанатты ашылуы 2012 жылдың 06 қыркүйек күні сағат 16.30-да.
Ауысымның салтанатты жабылуы 2012 жылдың 20 қыркүйек күні сағат 16.30-да өткізіледі.
Мекен-жайымыз: Ақмола облысы, Щучинск қаласы, Щучье көлінің Оңтүстік-батыс бөлігі «Балдәурен» РОСО РМҚК
байланыс телефоны/факс: 8-71636-45567
«Қазақстан достарын шақырады!»
атты 2012 жылдың 10 шы
Халықаралық ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, 2012 жылдың – 22 маусым мен 5 тамызаралығында «Қазақстан достарын шақырады!» атты 10 шы Халықаралық ауысымының аясында өткізіледі.
Ауысымға қатысушылар – еліміздің алыс және жақын шетелдерде тұратын қазақ диаспораларының балалары.
Ауысымның негізгі мақсаты: Қазақ елінің жарқырауы үшін басқа ел балаларының тіл табыса алуымен қатар егемендік алғаннан бастап жеткен жетістіктерімізді көрсету.
Ауысым бағдарламасы барысында бұл ауысымға Әлемдік Қазақтар Ассоциациясының қолдауымен Қытай, Ресей, Қырғыстан, Өзбекістан және Франция т.б. елдерден диаспоралар келеді.
Келу мақсаты тілдік салаға бөлену арқылы қазақ халқының тарихи мұрасымен танысу (салт дәстүр), қазақ тілін жетік меңгеру. Ауысым барысында «Хабар» телеарнасының түсірілімдері ұйымдастырылады. «Бурабайда бас қосу» атты әзіл ысқақ фестивалі «Хабар» телеарнасының жобасы бойынша өткізіледі. Мұнда «Шаншар», «Алдараспан», «Базар жоқ», «Екі езу» атты театрлары қатысады.
Ауысым бағдарламасы барысында тәжірибе алмасу, пікірталас, шығармашылық презентациялар, қызықты адамдармен кездесу, саяхат бағдарламалары жоспарланады.
2012 жылғы «Қазақстан достарын шақырады» халықаралық 10 ауысымның салатанатты ашылуы 25 шілде сағат 11.00-де басталады.
Орындаушы:
«Балдәурен» РОСО ғылыми-әдістемелік бөлімі .
Тел: 8(71636) 4 50 99
ХАБАРЛАНДЫРУ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны бос орындарға конкурс жариялайды:
Ғылыми-әдістемелік бөлім жетекшісі -1 бірлік
Ғылыми-әдістемелік бөлімі әдіскері – 3 бірлік
Қойылатын талап: педагогикалық жоғары білімді (ғылыми дәреже, магистрлер), педагогикалық жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес, бірінші және жоғарғы білікті санат мамандары, ғылыми басылымы бар, авторлық
әдістемелік нұсқаулық, әдістемелік, ғылыми және талдау қызмет түрлеріне бейімді, мемлекеттік білім стандартын, жалпы педагогика негіздерін, жасерекшелік психологиясын, басқару менеджментін,
экономиканы меңгерген, ана тілін және шет ел тілдерін білетін, ғылыми және шығармашыл потенциалды болуы, Қазақстан Республикасының Конституциясын; Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңын;
Қазақстан Республикасының «Бала құқы туралы» Заңын; «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясын; Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын; Қазақстан Республикасының «Тіл туралы»
Заңын; Қазақстан Республикасындағы балалар демалысын және сауықтандырылуын ұйымдастыру туралы нормативтік-құқықтық құжаттарды білуі керек.
Конкурсқа қатысуға қажетті құжаттар:
1. Конкурсқа қатысуға тапсырылған құжаттарды көрсете отырып өтініш беру.
2. Жеке куәлік көшірмесі
3. Толтырылған кадрлар есебі бойынша іс парақ
4. Білімі туралы құжаттар көшірмесі
5. Еңбек кітапшасы көшірмесі
6. Медициналық сараптама құжаты
7. Авторлық ғылыми бағдарламасы
Түйіндеме және конкурсқа қатысуға құжаттарды тапсыру БАҚ басылымына шыққан күннен күнтізбелік 15 күн ішінде келесі мекен-жайға Ақмола облысы, Бурабай ауд., Щучье көлінің Оңтүстік-батыс бөлігі
«Балдәурен» РОСО РМҚК 021700, (байқауға деген белгісімен), E-mai: baldauren@mail.ru; факс 8-716-36-45567; 45099; жіберілсін.
Қосымша мәлімет: Айлық жалақысы жоғары, өзге қала тұрғындары үшін Щучинск қаласынан пәтермен қамтылады.
«Жас ұлан» жас көшбасшылар жазғы мектебі»
Республикалық жиын
атты 2012 жылдың 9 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, 2012 жылдың 03 – 17 шілде аралығында «Жас ұлан» жас көшбасшылар жазғы мектебі» атты Республикалық жиын 9 ауысым аясында өткізіледі.
Ауысымға қатысушылар – бастапқы ұйым жас көшбасшылары.
Ауысымның негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдердің басшылық және шығармашылық мүмкіндіктері мен қабілеттерін арттыру, балалардың қоғамдық ұйымдары мен бірлестіктерінің қарым-қатынасымен бірлесе қызмет етуге жағдай жасау.
Ауысымның міндеттері:
1. балалар мен жасөспірімдердің басшылық және шығармашылық мүмкіндіктерін, балалар бірлестіктерінің қызметіне белсенді араластыру, қабілеттері мен іскерліктерін, дағдыларын дамыту;
2. балалар мен жасөспірімдердің пайдалы қызығушылықтары және қажеттіліктерін, өзін-өзі тануға, жүзеге асыруға, жетілдіруге деген ынталарын дамыту;
3. балалар қоғамдық бірлестіктері жұмысын ұйымдастыру бойынша іс- шаралардың болашақ жүйесі мен жоспарын жасау.
Ауысым бағдарламасы барысында Шеберлік-сыныптар, «ХХІ ғасыр тобы» отряд визиткасын қорғау кеші, Форум ашылуы («Жас Ұлан» қатарына қабылдау), «Болашақ бүгіннен басталады» өз командасын шығармашыл таныстыру, «Еліміз үшін» жоба презентациясы (үй жұмысы бойынша), «Лидер-старт» - ұлттық ойындар спорттық сайысы, «Біз – тәуелсіздік ұрпағымыз!» дебаттық турнирі, «Өнерлі өрге жүзер» балалар шығармащылығының көрмесі (сурет салу, моншақ өру, қол өнер, жас техниктер және т.б.), «Жаңа уақыт лидері» тренингі, «Болашақ үшін» кездесу сериясы («Болашақ» бағдарламасының түлектерімен кездесу), «Жас ұлан» жаршысы» күнделікті газетін шығару жоспарланды.
2012 жылдың 9 ауысымы «Жас ұлан» жас көшбасшылар жазғы мектебі» Республикалық жиынының салтанатты ашылуы 06 шілде күні сағат 10.00 де өткізіледі.
Мекен-жайы: Щучье қаласы, Щучье көлі «Балдәурен» РМҚК РОСО
байланыс телефоны/ анықтамалар үшін факс: 8-71636-45567
Орындады: «Балдәурен» РОСО ақпараттық-әдістемелік бөлім
Тел: 8(71636) 4 50 99
«Болашақты бірге бастаймыз!»
жас таланттар фестивалі
атты 2012 жылдың 8 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, 2012 жылдың 15 – 29 маусым аралығында «Болашақты бірге бастаймыз!» атты жас таланттар фестивалі 8 ауысым аясында өткізіледі.
Ауысымға қатысушылар – еліміздің барлық аймақтарынан шығармашыл және дарынды балалар.
Ауысымның негізгі мақсаты: Болашақты жалғастырушы балалар мен жасөспірімдер бойындағы патриоттықты әсемдік, әдемілік, өнер, дарындылық арқылы жетілдіріп, шыңдау.
Ауысым бағдарламасы барысында балалар мен жасөспірімдер бойындағы дарындылықты пайдалана отырып, шеберліктерін шыңдауға арналған «Артишок» сурет байқауы мен шығармашылық байқаулары, «Өнерлілер-өрісі» шығармашылық байқаулары, «Музыка өрнектері» өнер кеші, «Балдәурен Ханзадасы мен Сүйкімдісі!», «Балдәурен Сұлтаны мен Аруы!» байқаулары, патриоттық тұрғыда «Жырлайық елді» топтық ән байқауы, «Қазақ кім десең!...» Алтын Дода зияткерлік ойыны, спорттық икемділік пен шыңдалуға арналған «Қазақ ұлттық ойындары» мен «Балдәурен Толағайы» спорттық-зияткерлік ойыны және танымдық алғашқы танысу мақсатында «Арт-экспресс» станциялық ойындары, «Бақытты жұлдыз астында» ауысым бойынша туған күн иелеріне арналған мерекелік кеш бағдарламалары қамтылып, жоспарланды.
2012 жылдың 8 ауысымы «Болашақты бірге бастаймыз!» атты жас таланттар фестивалінің салтанатты ашылуы 18 маусым күні сағат 11.00 де өткізіледі.
Мекен-жайы: Щучье қаласы, Щучье көлі «Балдәурен» РМҚК РОСО
байланыс телефоны/ анықтамалар үшін факс: 8-71636-45567
Орындады: «Балдәурен» РОСОның ақпараттық-әдістемелік
бөлімі
Тел: 8(71636) 4 50 99
«Тәні саудың - жаны сау!»
сауықтандыру фестивалі
атты 2012 жылдың 7 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, 2012 жылдың 28 мамыр – 11 маусым аралығында «Тәні саудың – жаны сау» сауықтандыру фестивалі 7 ауысым аясында өткізіледі.
Ауысымға қатысушылар – еліміздің барлық аймақтарынан балалар, аймақтық байқаулар жеңімпаздары.
Ауысымның негізгі мақсаты: балалар мен жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, дамыту, туристік танымдық шараларға баулу
Спорттық жарыстар өткізу, сауықтандыру шаралары, спорт түрлерінен жеке біріншіліктер, еліміздің атақты спорт шеберлерімен пресс-конференциялар, брифингтер өткізу жоспарланды.
ҚР білім және ғылым Министрлігінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 232-4-227/02-5 хатына сәйкес аталған ауысым барысында «Жас жол қозғалысының инспекторы» Республикалық слеті жүргізіледі. Слет барысында «саптық байқау», «Велосипедпен фигуралық жүру», «Жас жол реттеушісі», «Жас тілші», «Жас санитар», «Эрудиттер турнирі», «Менің отрядым» байқау-презентациясы, «Агитбригада» байқауы жоспарланды.
ЖЖИ слетіне қатысушы командалар – ЖЖИ слеттері отрядтарының облыстық (Астана, Алматы қалалары үшін - қалалық) жеңімпаздары.
2012 жылдың 7 ауысымы «Тәні саудың – жаны сау»
сауықтандыру фестивалі мен «Жас жол қозғалысының инспекторы» Республикалық слетінің салтанатты ашылуы 31 мамыр күні сағат 10.00 де өткізіледі.
Мекен-жайы: Щучье қаласы, Щучье көлі «Балдәурен» РМҚК РОСО
байланыс телефоны/ анықтамалар үшін факс: 8-71636-45567
Орындады: «Балдәурен» РОСОның ақпараттық-әдістемелік
бөлімі
Тел: 8(71636) 4 50 99
2012 жылдың 6 ауысымы
Жас программистер республикалық олимпиадасының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Балдәурен» РОСО 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес 2012 жылдың 23 сәуір 12 мамыр аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2012 жылдың 6 ауысымы Жас программистер республикалық олимпиадасы өтеді. Ауысым қатысушылары – облыстық және республикалық жас программистер мен техникалық байқаулардың жеңімпаздары.
Ауысымның мақсаты:
Балалар мен жасөспірімдер бойындағы ақпараттық-коммуникативтік қызығушылықтарын түрлі тақырыптық іс-шаралар мен жарыстар арқылы шыңдау және интеллектуалды-мәдени дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Міндеттері:
- ауысым тақырыбының мазмұнына жету; әрбір жеке тұлғаның ақыл–ойының дамуына, адамгершілікке ұмтылып, зерттеушілік, танымдық қабілеттерін белсендіруге жағдай жасау;
- танымдық белсенділікті арттырып, өз ұлтының өнеріне, тарихына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру;
- мерекелік кештер мен шаралар барысында балалар мен жасөспірімдер бойында әлеуметтік қарым-қатынасты дамыту.
Ауысым танымдық, спорттық, әлеуметтік, шығармашылық бағытта өткізіледі. Ауысымның тақырыбына орай ақпараттық жүйе техникаларыменен шұғылданатын балалар қамтылады. Ауысым балалары түрлі компьютерлік ойындар мен бағдарламалармен жұмыс жасайтындықтары белгілі, дегенменен де бой сергіту, дене бітімін шыңдау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі жарыстар мен танымдық сайыстар өткізеді.
Танымдық бағыт бойынша – информатика пәні бойынша олимпиаданың I және IІ кезеңдері, «Жер жәннаты – Бурабай» өлкемен танысу кеші, «Қазақ кім десең...» дөңгелек үстел, «Балдәуренге арналады» зияткерлік ойыны т.б.
Спорттық бағыт бойынша – спорттық кешен өткізетін спорттық жарыстарды, қыймыл ойындарын, спорттық- танымдық ойындары: «Балдәурен - көп ұлтты», «Джунгли шақырады», «Олимпия», «Ұлттық ойындар» түрлері.
Әлеуметтік бағыт бойынша – ұйымдастырушы ұстаздардың топта өткізетін ТЖТ, /социометрия/, «Біздің format» отряд визиткасын қорғау кеші, «Вaldauren NET» станциялық ойыны, «Әуенді тап» музыкалық ойыны, «Кездескенше» станциялық ойыны, «Алға, жігіттер!» педагогикалық вернисажы.
Шығармашылық бағыт бойынша – «Көтерейік көңілді достар үшін!» туған күн иелеріне арналған концерт, «Достықтың алтын көпірі» асфальттағы сурет, «Компьютерлік технология ғасырындағы мода», «Жарайсың, жігіттер!» байқаулары «Ғажайып топтардың өмірі» балалар компьютерлік презентациясы.
Ауысымның салтанатты ашылуы 2012 жылдың 26 сәуір күні сағат 16.30-да. Ауысымның салтанатты жабылуы 2012 жылдың 10 мамыр күні сағат 16.30-да өткізіледі.
Мекен-жайымыз; Щучинск қаласы, Щучье көлінің Оңтүстік-батыс бөлігі «Балдәурен» РОСО РМҚК
байланыс телефоны/факс: 8-71636-45567
2012 жылдың
«Шексіз күлкі» КТК мектеп командаларының кездесуі 5 ауысымының
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
«Балдәурен» РОСО 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес 2012 жылдың 2-21 сәуір аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2012 жылдың 5 ауысымы «Шексіз күлкі» КТК балалар командаларының Республикалық кездесуі өтеді.
«Балдәурендегі» КТК командаларының кездесуі – оған қатысушылар мен «Балдәурен» РОСО педагогикалық және музыкалық қызметкерлерінің арасындағы ауысым бағдарламасын жүзеге асырудағы жоғары мәдени және эстетикалық деңгейі, жақсы қарым-қатынас болып табылады.
Кездесудің негізгі мақсаты: Балалар мен жасөспірімдер ортасында әзіл-қалжың кеңістігін құрып, оны әрі қарай дамыту және балалардың шығармашылық мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық және әлемдік мәдениетке сүйіспеншілікпен қарауға, жоғары адамгершілік құндылықтарын сақтай білуге мүмкіндіктер тудыру, жағдайлар жасау.
Кездесудің негізгі міндеттері:
- балалардың сатира және әзіл-сықақ саласындағы білімдерін жетілдіру;
- өзіндік қиялдары мен ойларын дамытуға жағдайлар жасау;
- әр баланың шығармашылық ашылуына, өзін көрсетуіне мүмкіндіктер беру.
Ауысымға қатысушылар: КТК мектеп командаларының жеңімпаздары
Ауысым бағдарламасында КТК сайысы үш кезеңнен тұрады, ойын қазақ және орыс тілдерінде өтеді. Командалар әділ-қазылар алқасы берген тапсырмаларды өздерінің шеберліктері мен ойлау қабілеттерінің, тапқырлықтарының жоғары және ұшқырлықтары бойынша жарысқа түседі. Ойынның жеңімпаздары дипломдармен марапатталады.
Ауысым бағдарламасында :
- ауысымның салтанатты ашылуы;
- «Көңілмен бірге адымда» отряд визиткасын қорғау кеші;
- «Жастар» педагогикалық отрядымен танысу кеші;
- «Мен болмасам, кім?» 2012 жылғы 5 ауысымның президентіне үміткерлермен
танысыу және сайлау;
- «Қиял Арбаты» шығармашылық байқаулар;
- «Аңызды өлке Бурабай» өлкемен танысу кеші;
- ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты КТК командасының патриоттық қойылымы;
- І -ІІ және III екі тілдегі КТК ойын кезеңдері;
- Спорттық күндер;
- қызығушылық үйірмелері;
- «Менің отаным-Қазақстан!» сурет байқауы;
- «Балдәурен- көп ұлтты» спорттық-танымдық ойыны,
- «Сіздерге арналады» туған күн иелеріне арналған концерт;
- гала-концерті
Ауысымның салтанатты ашылуы 2012 жылдың 5 сәуір күні сағат 16.30
Ауысымның салтанатты жабылуы 2012 жылдың 19 сәуір күні сағат 16.30
Мекен-жайымыз; Щучинск қаласы, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі «Балдәурен» РОСО РМҚК
байланыс телефоны/факс:8-71636-45567
Тегіңді білу – еліңді білу.
Ақпараттық-әдістемелік бөлім әдіскері, ауысым жетекшісі
Нұрғалиева Жаңылсын Достанғалиқызы
Ежелгі дәстүр бойынша, ертеректе қазақтар дүниеге ұл бала келсе, кіндігін алты қырдан астам жерге апарып көметін болған екен. Ондағы мақсат «Алты қырды асып жүріп, елін-жерін қорғасын. Туған топырағына кіндігімен байланып, оны мәңгі бақи сүйіп өтсін» деген ойдан туындаса керек. Демек, ес жиып, етек жапқаннан-ақ әрбір жасөспірімді елімен, жерімен етене таныс етіп өсірсек, атамекенге деген сүйіспеншілікті бала кезінен сіңірсек, оның өзі де – аз шаруа болмас еді...
2012 жылдың 4 ауысымы ҚР БҒМ бекітілуімен «Менің мұрам-менің байлығым» тақырыбында 11 – 30 наурыз аралығында Республикалық жас тарихшылар мен өлкетанушы балалар коллоквиумына арналып өткізіліп жатыр. Ауысым күндерімен тұспалдас келген Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесі де, асқан шығармашылықпен танымдық ұйымдастырыла білді.
- 21 наурыз мереке күнінде Бурабай аудандық Мәдениет үйінің дәстүрлі әншілері мен өнер мектебінің домбырашылар ұжымы қабылданып, еліміз, туған жеріміз туралы ән-күйлер шырқалып, ауысымға қатысушы балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлай білсе,
- 22 наурыз мерекесінде балалар «Наурыз-нама» аялдамалық ойынынан өтіп, Наурыз мерекесін «Керемет көңілмен!» атты туған күн иелерін құттықтау кешінде жалғастырды,
- 23 наурыз мерекелік күні өте толыққанды өтті деуге тұрарлық. Бұл күні ҚР ТЖМ Көкшетау техникалық институты КТК командасы мен шығармашылық тобының патриоттық қойылымы қойылып, жасөспірімдер бойында патриоттық сезім лебін оята білді. Қойылымға қатысушы КТИ-ң 3; 4 курс курсанттары сахнада да өздерінің ел қорғаушылар екендіктерін ұмытпады. Спорт шебері, Халықаралық әлем Чемпионатының күміс жүлдегері аға лейтенант Әсия Исболатова өзінің сахнадағы салмақты гірді жанглерлеуімен қазақ батыр қыздарына тән қасиетті көрсете білді. Көрсетілген Бейне таспадан КТИ оқу орнындағы мамандық иелерінің кім екендіктерін балалар айқын көре алды және де КТИ бастығының тәрбие орынбасары полковник Берік Жақсылықұлы еліміздің болашағы жастарды Отанымызға қызмет етуге бет бұруына шақырып, төтенше жағдайлар орын алған кездегі ең бірінші болып көмек қолын ұсынатын құтқарушыларды дайындайтын КТИ оқу орнын профориентациялап берді. Әскери өнерлі сарбаздар балалар мен жасөспірімдердің мерекелік көңіл-күйлерін толықтыра түсіп, осы күн кешкі сұхбаттық кездесумен жалғасын тапты деуге болады.
- Қазақстан Республикасы парламент мәжілісінің Депутаты, Құрмет Орденінің иесі, Еңбек қайраткері Медалінің иегері Асанғазы Оразгүл Асанғазықызымен жоспарлы кездесу ұйымдастырылды. Кеш барысы «Адай» күйімен ашылып, Оразгүл Асанғазықызының балалық шағын әңгімелетумен басталды. Кездесу барысында «Менің мұрам-менің байлығым» тақырыптық ауысымға қатысушылар тарапынан қызықты сұрақтар өрбіп, кездесу өз ағымын таба білді. Бір таңырқарлығы Оразгүл Асанғазықызының балалар көкейіндегі бас көтерген сұрақтарды тіліміз, салт-дәстүріміз, еліміз, жеріміз туралы әңгімелерімен қозғай білгендігі өзге ұлт балаларының қазақ тілінде сұрақ жаудырғандығынан байқалды. Өзбек ұлтты Шымкент қаласынан келген Корганбеков Бабур «Балдәурен» орталығының Қазақстандық тәрбие берудегі ролін өз сұрағында өрбітсе, қырғыз ұлтты Ақмола облыстық Маматова Венера Қазақстан Республикасының 20 жылдығына арналып Республика көлемінде жүргізілген іс-шаралардың қаншалықты жалғасып жатырғандығын қозғады. Ал, орыс ұлттық Өскемендік Татьяна Окладнова әрбір қазақстандықтар еліміздің ана тілін жақсы меңгеруі керек, дегенмен, қазақ бола тұра ана тілінде сөйлемейтіндерге қарындары ашатындықтарын, осы тұрғыда Тіл меңгерту шаралары туралы білгісі келетіндігін айтып өтті. Осы ауысым президенті Қызылорда облысынан Абенов Нурислам «Балдауренде» өткізілген ғылыми жобалар байқауларына үздік қатысқан оқушыларға, келешекте Халықаралық деңгейге шығу жағынан қандай көмек болатындығын сауал етсе, ұйымдастырушы-ұстаз Хафиз Өркеннің сұрағы кездесудің соңғы сауалы болды.
- Қазіргі таңда елімізде Білімділік жағын дамытуда «Дарын» шығармашылық мектептері, «Назарбаев» зияткерлік мектептері көбірек етек жаюда. Ол әрине қуанарлық жағдай. Ал, балалардың тәрбиелік деңгейін жоғарылатуда үлесі бар «Балдәурен» орталығының Орталық Азия бойынша аналогі әзірше жоқ. Мысалға, Халықаралық «Артек», «Зубренок», «Орленок» балалар орталықтары үлкен көлемді қамтиды. Қазақстандық Артек – «Балдәуренімізді» неге үлкейтпеске? Немесе тағы бір «Балдәурендей» балалардың басын қосып, бақытқа бөлейтін орталықтар санын неге көбейтпеске – деген сауалына Оразгүл Асанғазықызы бүгінгі кездесудің ұлтжандылық балалар бойынан саясаттануға қарай шұғыл бет бұрыс жасағандығын қуана баяндай келе, осы «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында бүгінгі қозғау болған мәселені әлі де, міндетті түрде жоғарыда жалғастырып, өрбітетіндігін айтып, балалар көңіліне медеу болып, кездесу ұйымдастырушы-ұстаз Кузгумбаева Бақыттың орындауындағы «Наурыз» әнімен көңілді нотада аяқталды.
Кездесуден балалар Қазақстанның географиялық, тарихи, ұлттық жағдайларына ой шабуыл жасап, жер бетіндегі алты мың ұлттың барлығы бірдей мемлекет құра алмаса да, өз ұлттарының өз дербес мемлекеті барлығына, көз жүгіртіп, ата-баба алдындағы ризашылық сезіміне бөлене алды.
Педагогикалық шеберлік жәрмеңкесі
2002 жылдан бастап 2012 жылға дейінгі жұмыс қортындысы бойынша 13 наурыз күні «Балдәурен» РМКҚ РОСО мамандарының педагогикалық тәжірибе алмасуын үйлестіру мақсатында Орталықтың ақпараттық-әдістемелік бөлімінің бастамасымен «Педагогикалық шеберлік жәрмеңкесі» өткізілді.
Іс - шараның басты мақсаты: педагогикалық ұжымды орталықтың құрылуы кезінен бастап қол жеткізген мүмкіндіктерімен қатысушылардың жеке жетістіктерімен, шығармашылық және кәсіби потенциалымен таныстыру, педагогикалық тәжирибе алмастыру болды.
Жәрмеңкенің қатысушылары орталықтың педагогикалық ұжымы, медициналық, спорт және туризм кешенінің қызметкерлері болды.
Барлық жәрмеңкенің қатысушылары іс-шараға шығармашылық белсенділік танытты. Өз кешендерінің орталықтаға қол жеткізген жетістіктері бойынша толық қорытынды жасай алды. Басылымдары көрсетілген стенд, слайдтық презентациялар жасалынып, презентация төмендегідей критерийлермен бағаланды: орталықтағы әр кешеннің дамуы бойынша ақпараты, алдағы даму жоспары, орталықта жұмыс жасау кезіндегі түрлі шығармашыл, әдістемелік жұмыс түрлерімен таныстыру.
Педагогикалық шеберлік жәрмеңкесі барысында орталық мамандары 538 мақала, баяндама, жинақтар, халықаралық және республикалық ғылыми-практикалық конференцияларға, облыстық, республикалық семинар – жиналыстарға, слет, байқауларға, жинақтарға басылымдары шыққандығын жәрмеңкеледі.
Ұйымдастыру комитетінің төрағалары Орталықтың Бас директоры Төлепбай М.Б, бас директордың оқу және тірбие ісі бойынша орынбасары Баржақсымов Б.Қ іс-шараның ұйымдастырылуын қадағалады.
«Балдәурен» РМКҚ РОСО бас директоры жәрмеңкенің қатысушыларына арнаған үндеуінде ақпараттық-әдістемелік бөлімнің бастамасын қолдап, алдағы уақытта жемісті жұмыс істеуге сенім білдірді.
Орталықтың 10 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл іс-шара жұмыс қорытындысын жасауға, алдағы уақыттағы педагогика бойынша жоспарларын белгілеп, олармен танысуға арналды. Іс-шараның қорытындысы бойынша «Балалар демалысын ұйымдастырушыларға арналған библиографиялық анықтама» жинағы басылып шығарылуда.
Аударма АӘБ әдіскері Оспанова Ж.Қ.
«Менің мұрам – менің байлығым»
Республикалық жас тарихшылар мен өлкетанушылардың балалар коллоквиумы
атты 2012 жылдың 4 ауысымы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, 2012 жылдың 11 - 30 наурыз аралығында «Менің мұрам – менің байлығым» Республикалық жас тарихшылар мен өлкетанушылардың балалар коллоквиумы атты 4 ауысым өткізіледі.
Ауысымның негізгі мақсаты:
Отан, туған жер, ел, атамекен, мемлекет, туған өлке, халқы туралы түсініктерді «қазақстандық патриотизм» арқылы оқу – тәрбие үрдісінде, сабақтан тыс іс – шаралар барысында Отансүйгіштік сезімді дамыту, ұлттық салт – дәстүрді сақтау, мемлекеттік рәміздерді құрметтеу, ана тілін қадірлеу сияқты сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыруды жүзеге асыру.
Ауысымға қатысушылар: Қазақстандағы халықаралық және республикалық байқаулар мен тарих, өлкетану саласындағы ғылыми жобаларға қатысушылар мен жеңімпаздар.
Ауысым бағдарламасында: Жыл басы-Наурыз мерекесіне арналған «Қош келдің, Наурыз!» мерекелік концерті, «Елім-ай», «Наурыз-нама» станциялық ойындары, «Ауыл көрінісі» сыныптан тыс жұмысы, өлке тану бағдарламалық «Бәрін білгім келеді», «Балдәурен білгірі» зияткерлік ойындары, «Қазақстанның жер жаһаны» жоба қорғау кеші, «Шоқаны бар ел – шоқтығы биік ел» Ш.Уәлихановқа арналған әдеби-тарихи кеш, Ғ.Мүсіреповтың 110 жасқа толуына арналған әдеби кеш, «Бурабай – жер жәннаты» сырттай саяхат, «Керемет көңілмен!» туған күн кеші мерекелері қамтылған.
Ауысымның салтанатты ашылуы 2012 жылдың 14 наурыз күні сағат 16.30 да өткізіледі.
Мекен-жайы: Щучье қаласы, Щучье көлі «Балдәурен» РОСО РМҚК
байланыс телефоны/ анықтамалар үшін факс: 8-71636-45567
Орындады: «Балдәурен» РОСОның ақпараттық-әдістемелік
бөлімі
Тел: 8(71636) 4-50-99.
Абай, Махамбет, Мұқағали оқулары сайыстары
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында
жалғасын тапты
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге
Көкірегіңде болсын көз.
Абай
Иә, қанша ғасыр, қанша заман өтсе де, кез-келген халық үшін ұмытылмайтын ұлы тұлғалары болары сөзсіз. Қазақ халқының сондай ұлы тұлғалары – Абай Құнанбайұлы , Махамбет Өтемісұлы және Мұқағали Мақатаев. Қазақтың туа біткен данышпандары. Ұлы Абайдың мұрасын тек қазақ баласы ғана емес, бүкіл әлем жұртшылығы мойындаған. Ал, өз елімізде Абай шығармаларын, Махамбет,Мұқағали өсиеттері мен өлең-жырларын жастарымыз бойына қалай сіңіріп жүр деген мақсатпен өткізіліп отыратын бұл шараға ауылдан бастап, республикалық деңгейге жетуге дейін мыңдаған жас жеткіншектердің қатысып келе жатқаны қуантады. Аталған ақындардың өлеңдері мен шығармаларын тебіренбей, толқымай оқитын оқырман жоқ десек, қателеспеспіз. Данышпандардың осы өнерін бағалаған еліміз бүгінгі таңда жылда «Абай оқулары», «Махамбет оқулары» және «Мұқағали оқулары» сайыстарын аудан, облыс, республика деңгейінде өткізуді дәстүрге айналдырған. Бұл сайыс «Балдәуренде» РОСО жалғасын тапты.
«Абай, Махамбет, Мұқағали оқулары жеңімпаздарының Республикалық кездесуі» атты 2012 жылдың 3 ауысымының жоспар-кестесіне сәйкес 24-ақпан күні «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу шығармашылық байқауы өткізілді. Ауысым қатысушылары – Абай, Махамбет оқулары жеңімпаздары, жас ақындар, қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерінен мектеп олимпиадасының жеңімпаздары.
Қазақ халқының бай әдеби мұрасын, ұлы ақындардың шығармалары арқылы ауысым қатысушыларының көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, тұлғаның танымдық көзқарастарын дамытуға жағдайлар жасау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту мақсатында байқау ІІ кезеңнен: іріктеу және финалдық кезең бойынша өткізілді. Іріктеу кезеңінде 100-ге жуық оқушы қатысып, финалға 64 қатысушы өтті.
Осылардың арасынан “Мыңнан тұлпар, жүзден жүйрік” атанып шықты. Республикалық деңгейдегі байқауда бақ сынасу оңай емес. Байқау барысында өзге ұлт жастарының да талмай ізденіп, Абай шығармаларын оқып, жаттап, көп еңбектенгенін көріп, бәріне де сүйсіндік.
Байқау төмендегі секциялары бойынша өткізілді: «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Мұқағали оқулары», «Арнау өлеңдер». Байқауға қатысушылар өз секциялары бойынша жоғары деңгейде шығармашылық қабілеттерін, ақындық таланттарын, актерлік шеберліктерін көрсете алды.
Тіпті берілген шарт бойынша Абай әндерін бірінен соң бірі құйқылжыта шырқайтындардың бар екендігін көріп, олардың тағылымын бауырларымыз бен балаларымызға үлгі-өнеге ретінде ұсынуға лайық деп бағаладық.
Бұл 3 ауысым аясында өткізілген іс-шаралардың қатарында тың жаңалықтар да жоқ емес. Соның бірі – қазақтың әдеби тілі мен тіл мәдениетін жағы қай деңгейде жүріп жатыр деген сауалдар да көптен бері көпшілікті мазалап келе жатқан мәселе еді. Соларды ескере отырып, бұл жолы біз «Ұлттық тіл – мәдениеттің негізі және іргетасы» атты тақырыпта мақала жазу сайысын ұйымдастырдық.
Қатысушылардың өлең-жырлары арнайы құрылған жұмыс тобында қаралып, талқыланды. Нәтижесінде сайысқа 30 -ға тарта жас ақын балалар өз арнауларымен көзге түсіп, белсенділіктерін танытты.
Ауысым барысында қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен ашық сабақтар және сыныптан тыс іс-шаралар да өтті. «Алтын қақпа» ойыны», «Ғұламалар тағылымы» атты Абай мен Махамбетке арналған әдеби-тарихи кеш. Ашық сабақтарды қазіргі деңгейде озық дамыған жаңа технологияларды пайдалана отырып өткізді.Өз жұмыстарында үздік нәтиже көрсеткен ұстаздарымызды: Сейсен Б., Бытышева А.Б., Дәуленова Г.З., Калиева С.С., Оспанова Ж.Қ . , Рахметжанова Р.Ж. атап өтуге болады.
Тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері және ақпараттық-әдістемелік бөлім әдіскерлері қатысқан әділ қазылар алқасы мемлекетіміздің барлық аймақтарынан келген 24 жеңімпазды анықтады. Мәнерлеп оқу шеберлігін көрсеткен байқау жеңімпаздарын марапаттау 2012 жылдың 5-наурыз күні ауысымның салтанатты жабылу рәсімінде жүзеге асырылды. «Балдәурен» РОСО атынан мадақтама қағаздары және бағалы сыйлықтармен марапаттап және жеңімпаздарды тәрбиелеген өз мектептерінің ұстаздарына – «Балдәурен» әкімшілігі атынан алғыс хаттар ұсынылды.
«Көп адам дүниеге бой алдырған,
Бой алдырып, аяғын көп шалдырған,
Өлді деуге сыя ма, ойлаңдаршы,
Өлмейтұғын артына сөз қалдырған...» – деп Абай жырлап кеткендей, өзі өлсе де, кейінгіге сөзі, айтқан дана ойы қалған ұлы ақындардың құрметіне деген осындай іс-шаралар өткізу, кейінгі ұрпаққа үлгі ету бүгінгі таңдағы игі істердің бірі екенін баршамыз мойындайтындығымыз шындық.
«Балдәурен» РОСО
Білім кешені
қазақ тілі мен әдебиеті пәні ӘБ
«Балдәурен» РОСО «Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі атты 2012 жылдың 3 ауысымы бағдарламасы барысында өткізілген «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу шығармашылық байқауы бойынша есеп
«Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі атты 2012 жылғы 3 ауысымының бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес 24 ақпан күні «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Өлең – сөздің патшасы» атты мәнерлеп оқу шығармашылық байқауы өткізілді. Ауысым қатысушылары – Абай, Махамбет оқулары жеңімпаздары, жас ақындар, қазақ тілі және әдебиет пәндерінен мектеп олимпиадалар жеңімпаздары.
Қазақ халқының бай әдеби мұрасын, ұлы ақындардың шығармалары арқылы ауысым қатысушылардың көркемсөз оқу шеберлігін, тіл мәдениетін жетілдіру, тұлғаның танымдық көзқарастарын дамытуға жағдайлар жасау, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін айқындау және дамыту мақсатында байқау 2 кезеңнен: іріктеу және финалдық кезең бойынша өткізілді. Іріктеу кезеңінде 100-ге жуық оқушы қатысты, финалға 64 қатысушы өтті.
Байқау төменгі номинациялар бойынша өткізілді: «Абай оқулары», «Махамбет оқулары», «Мұқағали оқулары»,«Арнау өлеңдер». Байқау қатысушылары жоғары деңгейде өздерінің шығармашылық қабіліттерін, ақындық талантын, актерлік шеберлігін көрсете алды.
Әділ қазылар алқасы тәжірибелі қазақ тілі мен әдебиет пәндері мұғалімдері, ақпараттық-әдістемелік бөлім әдіскерлері құрамында мемлекетіміздің барлық аймақтарынан келген 24 жеңімпазды анықтады. Мәнерлеп оқу шеберлігін көрсеткен байқау жеңімпаздарын марапаттау 2012 жылдың 5 наурыз күні ауысымның салтанатты жабылу рәсімінде жүзеге асырылады. «Балдәурен» РОСО атынан мадақтама қағаздарымен және бағалы сыйлықтармен, ал жеңімпаздарды әзірлеген өз мектептерінің ұстаздары – алғыс хаттармен марапатталады.
Байқаудың жалпы нәтижелері
«Абай оқуларынан»:
І орын – Махметов Қуаныш, 9-сынып, Ақмола облысы; Өнер Кәмшат, 8-сынып, ШҚО.
ІІ орын –Әскерова Сара, 6-сынып, Қостанай облысы; Зинедина Айерке, 9-сынып, Ақтөбе облысы.
ІІІ орын – Көшкінбай Дәрия, 9-сынып, Қарағанды қ.; Жүсіпбекова Альмира, 9-сынып, Алматы қ.
«Махамбет оқуларынан»:
І орын – Өтегенов Мержан, 8-сынып, БҚО.
ІІ орын – Тұрдықұлова Гүлнұр, 8-сынып, БҚО.
ІІІ орын – Сейханова Назерке, 7- сынып, Маңғыстау облысы.
«Мұқағали оқуларынан»:
І орын –Тынышбек Мадияр, 9-сынып, Алматы қ.
ІІ орын – Ахмет Жанерке, 8-сынып, Алматы облысы.
ІІІ орын – Нұртаев Естай , СҚО; Абзал Орынбасар, Астана.қ;
Болатова Айару, БҚО, Орынбасаров Рақымжан, 9 сынып, Аырау облысы.
Арнау өлеңдер бойынша:
І орын – Орынбасар Абзал, 6-сынып, Астана қ.
І орын – Өмірзақ Елнұр, 7-сынып, Қызылорда.
І орын – Әбілқасым Бақберген, 9-сынып, Қызылорда.
ІІ орын – Қуаныш Жарасбай, 6-сынып, Атырау.
ІІ орын – Тілегент Көгершін, 7-сынып, Павлодар.
ІІ орын – Қабдолданов Әлішер, 9-сынып, Алматы.
ІІІ орын – Шакенова Айжан, 5-сынып, Павлодар.
ІІІ орын – Бижанова Перизат, 7-сынып, Қызылорда.
ІІІ орын – Қалымбек Аян, 9-сынып, Астана.
ІІІ орын – Жұманова Зарина, 8-сынып, Қарағанды.
«Балдәурендегі» жас білгірлердің эстафетасы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2012 жылдың 26 каңтары мен 14 ақпаны аралығында «Бәрін білгім келеді!» Республикалық жас білгірлер эстафетасы атты ауысым өтті. Ауысымға қатысушылар: оқу озаттары, мектепшілік пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары.
2012 жылдың 2 ауысымы бағдарламасы барысында, орталықта қазақ тілі және әдебиеті, математика, физика, тарих, биология, химия, география, орыс тілі және әдебиеті, ағылшын тілі пәндері бойынша Республикалық олимпиада өткізілді. Білім кешені мұғалімдері алдын ала тест сұрақтары мен тапсырмаларды дайындады.
Олимпиаданың негізгі мақсаты: дарынды оқушыларды айқындап, оларды ынталандыру, жаңа білім алуға қызығушылықтарын арттыру болып табылады.
Олимпиада 2 кезең бойынша өтті. Финалдық кезеңге 64 оқушы өтті. Қатысушылар финалда өздерінің білімдері мен мүмкіншіліктерін көрсете алды.
Олимпиада жеңімпаздары:
|
Пән |
Сынып |
Оқушының аты-жөні |
Облыс |
Орын |
|
Математика |
5 «Б» |
Ким Евгений |
Астана |
III |
|
Математика |
5 «Б» |
Романова Юлия |
Ақтөбе |
III |
|
Математика |
5«Б» |
Қапезов Шыңғыс |
Ақмола |
II |
|
Физика |
8 «Б» |
Самарцев Евгений |
БҚО |
I |
|
Физика |
8 «А» |
Каниякбарова Дана |
Алматы |
III |
|
Ағылшын тілі |
8 «Б» |
Бородина Юлия |
Қостанай |
II |
|
Ағылшын тілі |
9 «Б» |
Сабырова Айым |
Астана |
III |
|
Орыс тілі |
6 «Б»
|
Қасымов Руслан |
Маңғыстау |
II |
|
Орыс тілі |
6 «Б» |
Штейванд Александр |
СҚО |
III |
|
Орыс тілі |
7 «А»
|
Бақытова Ақмарал |
Маңғыстау |
II |
|
Орыс тілі |
7 «А» |
Азанова Гүльсая |
Маңғыстау |
III |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
5 «А» |
Ғаниматова Аяулым |
БҚО |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
5 «А» |
Мустахимова Айша |
Атырау |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
6 «Б» |
О Тлеумағамбетова Айсұлу |
Маңғыстау |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
6 «Б» |
Ақмагамбетов Рақымжан |
Маңғыстау |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
7 «Б» |
Кезбаева Құралай |
Маңғыстау |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
7 «Б» |
Доктырбаева Сымбат |
Маңғыстау |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
7 «Б» |
Төремуратова Альбина |
Маңғыстау |
III |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
8 «А» |
Дәуренова Қамшат |
ОҚО |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
8 «А» |
Жанжігітова Гауһар |
Маңғыстау |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
8 «А» |
Ізбасаров Ануар |
Маңғыстау |
III |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
8 «Ә» |
Құрмет Інкар |
Ақтөбе |
III |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
8 «Б» |
Тлепова Мөлдір |
Маңғыстау |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
8 «Б» |
Ғайсина Альбина |
БҚО |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
9 «А» |
Қонысбаева Бақыт |
Маңғыстау |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
9 «Ә» |
Тұңғат Батырхан |
Алматы |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
9 «А» |
Мұқтасынов Әділет |
Маңғыстау |
III |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
9 «Б» |
Педченко Ирина |
Ақмола |
I |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
9 «Б» |
Сапиева Жұлдыз |
Маңғыстау |
II |
|
Қазақ тілі және әдебиет |
9 «Б» |
Амангельдиева Салтанат |
Маңғыстау |
II |
|
География |
7 «А» |
Шаймарданова Мөлдір |
БҚО |
I |
|
География |
8«А» |
Сағындыкова Ғазиза |
Қостанай |
II |
|
География |
9 «Б» |
Морозенко Татьяна |
Костанай |
III |
|
Химия |
8 «Ә» |
Сауруков Досыбек |
Алматы |
I |
|
Химия |
8 «Ә» |
Қарипжан Мағжан |
Алматы |
II |
|
Биология |
9 «Б» |
Палкина Юлия |
ШҚО |
II |
|
Биология |
9 «Б» |
Юсупова Назира |
Алматы |
III |
|
Тарих |
9 «Ә» |
Жадраева Фариза |
Жамбыл |
III |
|
Тарих |
6 «Б» |
Тлеубердин Арыстанбек |
Ақмола |
III |
|
Тарих |
9«А» |
Моданов Саят |
Алматы |
ІІІ |
Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсімінде «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының әкімшілігі атынан барлық жеңімпаздарға мадақтама және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
«Абай, Махамбет оқулары»
жеңімпаздарының Республикалық кездесуі
атты 2012 жылдың 3 ауысымы
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылға бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес, 2012 жылдың 17 ақпан - 7 наурыз аралығында «Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі атты 3 ауысым өткізіледі.
Ауысымның негізгі мақсаты: қазақ тілінің дамуы мен қалыптасуы бойынша дарынды балаларды айқындап білу және қолдау, егеменді Қазақстанның құндылықтарын келешекте жақтаушы, қазіргі заманға сәйкес қазақстандықтардың отаншылдық философиясын қалыптастыру.
Ауысымға қатысушылар: Еліміздің барлық аймақтарынан «Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздары, жас ақындар, жазушылар, қазақ тілі және әдебиет пәндері бойынша мектеп олимпиадаларының жеңімпаздары.
Ауысым бағдарламасында: байқау жеңімпаздары жұмыстарының көрмесі, шығармашылық жобалардың презентациясы және авторлық қорғау, шығармашылық байқаулар, ашық Он-лайн сабақтар жоспарланды.
«Абай, Махамбет оқулары» жеңімпаздарының Республикалық кездесуі атты 2012 жылдың 3 ауысымының салтанатты ашылуы 20 ақпан күні, сағат 16.30-да өткізіледі.
Орындады: «Балдәурен» РОСОның ақпараттық-әдістемелік
бөлімі
Тел: 8(71636) 4-50-99.
«Зияткер – Балдәурен»
«Балдәуренд» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында «Балдәуренге арнау» айдарымен 2012 жылдың 2 ауысымы «Бәрін білігім келеді» атты Республикалық жас білгірлер эстафетасының бағдарламасы аясында дарынды балалар-шығармашылық фестивальдарының және байқаулардың жеңімпаздары, Маңғыстау облысы Жанаөзен қаласынан келген балалар қатысуымен Орталықтың 10-жылдығына арналған «Балдәурен білгірі» - атты зияткерлік ойыны 02. 02. 12 .өткізілді.
Осы жылы дәстүрге айналған «Балдәурен білгірі» атты зияткерлік жоба қатысушыларына «Балдәурен» орталығы жайлы үлкен танымдық ақпарат береді: орталықтың тарихы, аттақты күндері, салттары, қоғамдық қызметі, орталыққа келген Қазақстанның атақты қайраткерлері және өнер адамдары.
Ойынға бірінші турдан өткен келесі оқушылар қатысты:
Құрал Нұрқанат – 8 сынып оқушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
Саурықов Досыбек – 8 сынып оқушысы, Алматы облысы;
Тлеуова Фарида – 8 сынып оқушысы, Маңғыстау облысы;
Әбдімәліков Жамбыл – 9 сынып оқушысы, Оңтүстік Қазақстан облысы;
Жадраева Фариза – 9 сынып оқушысы, Жамбыл облысы;
Айтқазина Айдана – 9 сынып оқушысы, Жамбыл облысы.
Ойын соңында «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығының Бас директорының орынбасары Бірлік Қадырбекұлы Баржақсымов «Балдәурен білгірі» интеллектуалдық ойынының Екінші жеңімпазы Жамбыл обылысынан келген 9 сынып оқушысы Жадраева Фаризаға «Балдәурен білгірі» лентасын табыс етті. Ойынға қатысқан барлық ойыншылар марапаттау қағазы мен сыйлықтарға ие болды.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында 2012 жылғы 2 ауысымы «Бәрін білігім келеді» атты Республикалық жас білгірлер эстафетасының қатысушыларына арнап, 10 ақпан күні «Друзья, прекрасен наш союз!» атты А.С.Пушкиннің шығармашылық әдеби-музыкалық кеші өтті. Кеш бағдарламасында оқушылардың орындауында ұлы орыс ақынының өлеңдері, романстары және шығармашылық өнерінен көріністер көрсетіліп, ақынның өмірі мен шығармашылығына, тіл шеберлігіне терең бойлай алған оқушылар көп нәрсеге үйренді және өздеріне қажетті сабақ ала білді.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында
2012 жылдың 2 ауысымы демалушылары мен Жаңаөзен балаларына арналған Қамқорлық концерті берілді.
Ақпанның 1жұлдызында яғни сәрсенбіде «Балдәурен» республикалық оқу – сауықтыру орталығында 2012 жылдың 2 ауысымы бағдарламасы барысындағы «Жұлдыздар кеші..» атты концерттік бағдарлама болып өтті. Кештің негізгі мақсаты: қазақша түрдегі жаңа көңілді, әзілді «Бүлдірген» атты телебағдарламаның ашылғаны жөнінде балаларға хабардар етіп оның ең алғашқы сюжеттерін экран арқылы бейнеролик ретінде көрсету және кеш барысын әрмен қарай көңілді етіп өткізу болды.
Жобаның негізгі продюссері қазақстан эстрадысының жарық жұлдызы, «Азия» тобының солисті Баситов Ринат.
Бүгінгі кештің қонақтары: қазақстан эстрадысының жарық жұлдыздары Талғат Жорабаев, «Ұлар» тобы, әнші, сазгер Нұрлан Еспанов және жоба продюссері «Азия» тобының мүшесі Баситов Ринат.
Кештің жүргізушісі «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының қызметкері, тәрбие кешенінің ұйымдастырушы-ұстазы Хафиз Өркен .
Кештің шымылдығы «Бүлдірген» әзілді бағдарламасының бейнеролигімен ашылды. Бағдарлама балалардың көңілінен шықты. Осы жобаның продюссеріне және әншілерге өз тілек, ниетін «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының бас директоры Төлепбаев М. Б. білдірді. Әнші, сазгер Нұрлан Еспановта өз ізгі ниетін, ризашылықтарын білдіруде аянып қалмады. Кешті одан әрі әнші Талғат Жорабаев «Сағыныш сазы» атты әнімен жалғастыра білді.
Қазақстанның тәуелсіздігіне арналып жазылған «Ұлар» тобының репертуарындағы «Қазақстан» әні шырқалып балалардың патриоттық сезімдерін оятса керек. Сонымен қатар әнші, әрі сазгер Нұрлан Еспанов өзінің репертуарындағы «Қара жорға», «Қыздар-ай», «Адал жарым» сынды әндерін Жаңаөзендік балаларға шашу етті. Жалпы «Балдәурен» орталығында ұйымдастырылған ауысымында көпшілігі Жаңаөзендік балалар демалуда. Өйткені күні кеше тәуелсіздік қарсаңында болған оқиғаның зардабын шеккен жандарға «Балдәурен» орталығы көмек көрсету мақсатында өз ықпалын аянып қалмады.
Бүгінгі кештің шымылдығын жоба продюссері, «Азия» тобының мүшесі Баситов Ринат «Махаббат аралы» әнімен жапты. Балаларға қазақстан эстрадасының жарық жұлдыздарын көру үлкен арман болды. Кеш аяқталысымен балалар олардан қолтаңба алып бірге суретке түсіп, мәз-мәйрам болды.
«Интеллектуалды Балдәурен»
Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдәуренде» «Балдәуренге арнау» айдарымен 2012 жылдың 1 ауысымы Республикалық балалар марафонының бағдарламасы аясында дарынды балалар-шығармашылық фестивальдарының және байқаулардың жеңімпаздары, балалар үйлерінің балалар хореографиялық ұжымдарының қатысуымен Орталықтың 10-жылдығына арналған интеллектуалдық марафон өткізілді,
«Балдәурен білгірі» - атты Ең жоғарғы деңгейдегі интеллектуалдық жобаның ақтық ойыны орталықтың мерей күні 2.12.12. күніне өткізу жоспарланып отыр.
Бағдарлама «Балдәурен» орталығы жайлы танымдық ақпараттар береді. Олар:тарих, атаулы оқиғалар, дәстүрлер, қоғамдық істерге, орталыққа келген Қазақстанның танымал адамдар жайлы болады.
Ақтық ойынға таңдау турында жеңіске жеткен оқушылар қатысты:Конарбай Толғанай – 8-сынып оқушысы Оңтүстік қазақстан облысы , Метельников Руслан – 8-сынып оқушысы Алматы облысы, Кашапова Наргиз – 8 сынып оқушысы Кызылорда облысы, Жантурин Бекболат – 9- сынып оқушысы Батыс Қазақстан обылысы, Ракымкұл Санжар – 9- сынып оқушысы Астана қаласынан, Байбозова Салтанат – 9-сынып оқушысы Маңғыстау облысынан.
Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Мухитдин Бекболатұлы Төлепбаев «Балдәурен білгірі» интеллектуалдық ойынының Бірінші жеңімпазы Алматы обылысынан келген 8 «А»сынып оқушысы Метельников Русланға «Балдәурен білгірі» лентасын табыс етті. Ойынға қатысушы барлық балалар грамоталар мен сыйлықтарға ие болды .
Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер
ұйымы қатарына Жаңаөзен қаласының үздік оқушыларын
салтанатты қабылдау рәсімі
БАСПАСӨЗ МӘЛІМДЕМЕСІ
28 қаңтар 2012 жыл, сағ.: 11. 00
2012 жылғы 28 қаңтарда «Балдәурен» республикалық оқыту сауықтыру орталығында Жаңаөзен қаласының үздік 150 оқушысы «Жас Ұлан» қатарына салтанатты түрде қабылданады. Олар: пәндік олимпиадалардың, ғылыми жобалардың, көркемөнер байқауларының, спорттық сайыстардың жеңімпаздары мен мектеп белсенділері. Салтанатты қабылдау рәсімі оқушылардың концерттік бағдарламасымен жалғасады.
Шара ұйымдастырушылары – ҚР Білім және ғылым министрлігі, «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚБ, «Балдәурен» оқыту-сауықтыру орталығы.
Салтанатты қабылдау рәсіміне Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, өңірлік «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының көшбасшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысады.
Ақпарат үшін
2011 жылдың 11 ақпанында өткен «Нұр Отан» ХДП XIII Съезінде Елбасы, «Нұр Отан» ХДП Төрағасы Н.Ә. Назарбаев Қазақстанның жас азаматтарының басын біріктіретін «Жас Ұлан» бірыңғай қозғалысы және «Жас Қыран» балалар ұйымдарының жаңа жүйесін құру керектігін атап өткен болатын.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы қарсаңында 2011 жылдың 6 шілдесінде «Елорда күніне» орайластырылып жастар ұйымдары көшбасшыларынан бастамашыл топ «Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымы» Республикалық Қоғамдық Бірлестігін құрды.
Ұйымның мақсаты – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарға сәйкес рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру, балалар мен жасөспірімдерді қазақстандық патриотизм рухында тәрбиелеу. Ұйымның төменгі буынына («Жас Қыран») - 1-4 сынып оқушылары, жоғарғы буынына («Жас Ұлан») - 5-10 сынып оқушылары қабылданады.
2011 жылғы 1 қыркүйекте Астана қаласы №66 мектепте Елбасы Н.Ә.Назарбаев Бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының алғашқы мүшелерін салтанатты түрде қабылдады.
2011 жылғы қазан-қараша айларында еліміздің барлық өңірлерінде ұйым жұмысымен таныстыру мақсатында көшпелі жиналыстар өткізілді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «20 жұлдызды күн» шеңберінде 3 желтоқсан – «Жастар күні «Жас Ұлан» қатарына Қазақстанның барлық өңірлерінде бір уақытта 20 000 оқушы салтанатты түрде қабылданды.
Қосымша ақпарат үшін: 8/7172/74-24-10, 87051890104, 87013962136
БАСПАСӨЗ-ХАБАРЛАМАСЫ
2012 жылы 26 қаңтар мен 14 ақпан аралығында «Балдәурен» РОСО РМҚК «Бәрін білгім келеді!» Республикалық жас білгірлер эстафетасы атты ауысым өтеді. Ауысым қатысушылары: оқу озаттары, мектепішілік пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары.
Ауысымның мақсаты: жеке тұлғаны жоғары интеллекті және мәдениетті етіп тәрбиелеуге жағдай жасау.
Міндеттері:
· ауысымға қатысушы әр балаға өздерінің интеллектуалдық және
шығармашылық қабілеттерін ашуға мүмкіндік беру;
· оқушылардық танымдық қабілеттерін ашуға, ойлау қабілеті және
практикалық әдеттерін ашуға себепші болу;
· уақытша балалар бірлестігінде жақсы қарым-қатынаста болуға
тәрбиелеу, оның іске асуын қадағалау.
· оқуға деген өзіндік қызығушылықтарын дамыту, басқа
адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен түсіністік қарым-
қатынаста болу.
Ауысым бағдарламасы барысында 5-9 сынып сынып оқушыларына пәндік олипиада, Қазақстан тарихы, физика, ағылшын тілі, қазақ әдебиеті, алгебра пәндерінен ашық сабақтар, Қазақстан тарихы пәнінен он-лайн сабақ, «Бәрін білгім келеді», «Балдәуренге арналады» зияткерлік ойындары, «Друзья! Прекрасен наш союз» атты А.С.Пушкиннің шығармашылығына арналған әдеби – музыкалық кештің қатысушылары болады.
Ауысымның салтанатты ашылуы 2012 жылы 29 қаңтар күні сағат 16.30 өткізіледі.
Ауысымның салтанатты жабылуы 2012 жылы 12 ақпан күні сағат 11.00 өткізіледі.
Мекен жай: Щучье қаласы, Щучье көлі «Балдәурен» РОСО РМҚК
байланыс телефоны/факс : 8-71636-45567
2012 жылдың
«Балдәуренге арнау» республикалық балалар марафоны
1 ауысымының
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Шығармашылық фестивальдар мен байқаулардың жеңімпаздарына, балалар үйініңхореографиялық балалар ұжымдарына арналған қаңтардың 4 және 23 аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы он жылдық мерей тойына байланысты «Балдәуренге арнау» Республикалық балалар марафоны атты ауысым өтуде.
Марафон бағдарламасы: спорттық-сауықтыру-танымдық маршруты, түрлі жарыстар, қызығушылық үйірмелері, көрмелер, Қазақстанға әйгілі адамдарымен ұйымдастырылған концерттерге толы.
Орталықтың еңбек ұжымы «Үлкендерден – балаларға» атты акция ұйымдастырып, аусымға қатысушы балаларға арнап сылықтар дайындады.
-
-
Ерлік үшін.....!
-
-
2011 жылдың желтоқсанның 20 жұлдызында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығында биік дәрежеде Жеңіс жалауын тапсыруға арналған салтанатты жиын өткізілді. Жеңіс жалауы- бұл бүкіл халықтың қан төгіп жеткен ерлігінің белгісі болып табылады.
-
Жеңіс жалауын тапсыру- бұл Ұлы Жеңістің мәңгі есте сақталып ұрпақтан ұрпаққа тапсырылатын мұра. Жас ұрпақтың өмір ұстанымы ата-бабалардың жолын сақтап, берік болу.
-
Жеңіс Жалауы— бұл Алексей Берест, Михаил Егоров пен Мелитон Кантарияның қолымен 1945 жылы 1 мамыр күні Берлин қаласында Рейхстаг ғимаратында көтерілген Жеңісті білдіретін 150-ші Кутузов орденінің атқыш дивизиясының 2 дәрежелі жалауы болып табылады.
Халықаралық ынтымақтастықты дамыту мақсатында 2009 жылы «Балдәурен» РОСО-ғы «Балалар демалысының ұйымдастыру ынтымақтастығы» атты қоғамдық ұйымының иегері атанды.Оның құрамына: «Артек» МБО, «Молодая гвардия» МП (Украина), «Орленок» және «Океан» атты Бүкіл Ресейлік балалар орталықтары , МБС «С.Тюленина атындағы лагері», «Смена» ББО, (Ресей Федерациясы ), «Зубренок» ХБО ( Беларусь Республикасы), «Камчия» СОК (Болгария) т.б .
МОО СОДО орындаушы комитет Ресей Федерацияның әскери клубына (Қазақстан Республикасы )«Балдәурен» РОСО-ның Жеңістің 65-жылдығы қарсынында өткізілген іс-шараларға белсенді қатысқаны үшін Жеңіс туының көшірмесін тапсыру жөнінде өз ұсынысын жолдады.
-
Салтанатты жиынның қатысушылары болып, соғыс ардагерлері, балалар, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының кадеттері, ҚР Халық қорғау университетінің тыңдаушылары, ақпарат қызметкерлері, «Балдәурен» қызметкерлері.
Салтанатты жиын «Қазақстандықтар соғыс кезінде..» атты деректі киномен басталды.
«Балдәурен» РОСО-ның Бас директоры Төлепбаев М.Б. өзінің құттықтау сөзімен жалғастырды. Мұхитдин Бекболатұлы өз сөзінде барша халықтың назарын қазақстан батырларының тарихи ерліктеріне аударды.
Ең қадірлі қонағымыз «Балалар демалысының ынтымақтастығын ұйымдастырушылар» ұйымының мүшесі Ю.П.Носачёворталықтың белсенді жұмыс атқаруына өзінің жылы лебізін білдіріп, «Балдәурен» РОСО-на «Жеңіс жалауының көшірмесін» табыс ету үшін,Ресей Федерация клубының грамотасымен марапаттады. Қадірлі қонағымыз сонымен қатар «Балдәурен» орталығының қызметкерлеріне Халықаралық қоғамдық ұйымының президенті И.К.Роднинаның атынан грамотамен марапаттады.
«Жеңіс туын» соғыс ардагері, подполковник Л.Д. Кутепов салтанатты түрде «Жастар»педагогикалық отрядына тапсырды .
Соғыс ардагерлерін жылы лебіздерімен Ақмола облысының, Бурабай ауданының ардагерлер ұйымының жетекшісі С. Х .Рахимбаева, Қорғау университетінің полковнигі А. К.Мукатаев, Ш.Уәлиханов атындағы Кадет корпусының басшысы Т. М. Баудинов қарсы алды.
Салтанатты жиын барысында ауысымға қатысушы оқушылар соғыс жылдарының әндерін, соғыс туралы ,жарқын болашақ туралы өлеңдерін ортаға салды..
Ардагерлер әрқашанда біздің есімізде екенін ұмытпайық, сол себеппен барлық жиналған ардагерлерге сыйлықтар берілді.
«Балдәурен»РОСО-ның Білім кешенінің
Қазақ тілінің мұғалімі Бытишева А.Б.
«Интеллектуалды Балдәурен»
Республикалық оқу-сауықтыру орталығы «Балдәуренде» «Балдәуренге арнау» айдарымен 2012 жылдың 1 ауысымы Республикалық балалар марафонының бағдарламасы аясында дарынды балалар-шығармашылық фестивальдарының және байқаулардың жеңімпаздары, балалар үйлерінің балалар хореографиялық ұжымдарының қатысуымен Орталықтың 10-жылдығына арналған интеллектуалдық марафон өткізілді,
«Балдәурен білгірі» - атты Ең жоғарғы деңгейдегі интеллектуалдық жобаның ақтық ойыны орталықтың мерей күні 2.12.12. күніне өткізу жоспарланып отыр.
Бағдарлама «Балдәурен» орталығы жайлы танымдық ақпараттар береді. Олар:тарих, атаулы оқиғалар, дәстүрлер, қоғамдық істерге, орталыққа келген Қазақстанның танымал адамдар жайлы болады.
Ақтық ойынға таңдау турында жеңіске жеткен оқушылар қатысты:Конарбай Толғанай – 8-сынып оқушысы Оңтүстік қазақстан облысы , Метельников Руслан – 8-сынып оқушысы Алматы облысы, Кашапова Наргиз – 8 сынып оқушысы Кызылорда облысы, Жантурин Бекболат – 9- сынып оқушысы Батыс Қазақстан обылысы, Ракымкұл Санжар – 9- сынып оқушысы Астана қаласынан, Байбозова Салтанат – 9-сынып оқушысы Маңғыстау облысынан.
Республикалық оқу-сауықтыру орталығының Бас директоры Мухитдин Бекболатұлы Төлепбаев «Балдәурен білгірі» интеллектуалдық ойынының Бірінші жеңімпазы Алматы обылысынан келген 8 «А»сынып оқушысы Метельников Русланға «Балдәурен білгірі» лентасын табыс етті. Ойынға қатысушы барлық балалар грамоталар мен сыйлықтарға ие болды .
«Менің лагерім ең керемет!» тақырыбындағы мектеп шығармаларының Республикалық байқауының қорытындысы
2011 жылдың 2-мамырындағы «Демалыс педагогикасы: тәжірибе, дәстүр, жаңалықтар» атты Республикалық ғылыми-практикалық конференцияның резолюциясына сай, балалардың шығармашылық қабілеттері мен олардың демалысы жайлы ойларын қолдау мақсатында 2011 жылдың 1-шілдесі мен1-қазан аралығында «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының басшылығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына және «Жаз-2011» балалар демалысына арналған «Менің лагерім ең керемет!» тақырыбында шығармалар сайысы жарияланған еді.
Сайысқа Қостанай, Алматы, Жамбыл, Атырау өңірлерінен 48 бала қатысты.
Республикалық сайыстың жеңімпаздары:
Қазақ тілінде оқытылатын сыныптарда: І орын – Оңғар Арайлым (Жамбыл облысы, 8 сынып); 2 орын – Әлжекесова Бибігүл (Атырау облысы, 9 сынып); 3 орын – Оразымбетова Жұлдыз (Жамбыл облысы, 7 сынып).
Орыс тілінде оқытылатын сыныптарда: 1 орын – Бородина Юлия (Қостанай облысы, 8 сынып); 2 орын – Ахундов Филипп (Қостанай облысы, 5 сынып), 3 орын – Судиловская Анжелика (Қостанай обл., 8 сынып).
Сайыс жеңімпаздары ұйымдастыру комитеті бекіткен мақтау қағаздарымен және «Балдәурен» РОСО-на тегін жолдамамен марапатталады. Жеңімпаздар мен қатысушылардың жұмыстарын «Балдәурен» РОСО сайтынан көруге болады. Республикалық сайыстың қорытындысы бойынша «Менің лагерім ең керемет!» атты үздік шығармалар жинағы шығарылады.
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының әкімшілігі барлық жеңімпаздарды құттықтайды және Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған республикалық іс-шараға белсенді қатысқан үшін Қостанай, Алматы, Жамбыл, Атырау білім басқармаларына алғыс білдіреді.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Менің лагерім ең керемет» Республикалық шығарма байқауын өткізудің
ЕРЕЖЕСІ
1. Жалпы ережелер
«Менің лагерім ең керемет» Республикалық шығарма байқауы қазақ және орыс тілдерінде шығарма жазудағы балалардың өз ойларын жеткізудегі көркемдік қабілеттерін дамыту және балалар орталықтары (лагерлер) арасында достықты нығайтуды негізгі мақсат етіп алады.
Байқау келесі міндеттерді шешуге бағытталған:
- талантты, шығармашыл тұлғаларды дамыту және қолдау көрсету;
- оқушылар арасында белсенді өмірлік ұстанымды анықтау;
- қазақ және орыс тілдерінің көркемдік тәсілі арқылы барлық өңірлердегі балалар лагерлерінің даму тарихын көрсету.
2. Байқауды өткізу тәртібі
«Менің лагерім ең керемет» Республикалық шығарма байқауына жұмыстар қазақ және орыс тілдерінде 2011 жылдың 20 маусымынан 31 қазан аралығында қабылданады. 31 қазаннан кейін келген шығармалар жұмысы байқауға қабылданбайды.
3. Байқауға қатысушылар
Байқауға қатысушылар Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мекемелерінде оқитын 5-9 сынып оқушылары, 16 жастан үлкен емес.
4. Байқауға жіберілетін жұмыстардың талаптары
Тақырып «Менің лагерім ең керемет» Республикалық шығарма байқауы қазақ және орыс тілдерінде. Жұмысты суреттер мен фото-суреттермен безендіруге болады. Байқауға жіберілетін жұмыстар жеке орындалады. Ұжымдық жұмыстар қарастырылмайды.
Байқауға шығармалар электронды түрде беріледі (3 беттен кем емес, формат А4, 14 шрифт Times New Roman, аралық интервал - 1,5). Шығарма арнайы байқауға арналып жазылған және бұрын еш жерде басылымда болмауы қажет. Осындай талаптарға келмейтін шығармалар ұйымдастыру комитетімен қаралмайды.
Шығарманың титулды парағы келесі реквизиттерді сақтауы қажет: атауы, автордың аты-жөні, тегі (фотосуреті), ұстазының аты-жөні, жалпы білім беру мекемесінің, орталықтың (лагердің) мекен-жайы, сыныбы, жасы, байланыс телефоны, e-mail.
5. Жұмыстың мазмұны келесі критерийлер бойынша бағаланады:
- Жұмыстың аталған тақырыпқа сәйкестігі;
- Тақырыпты ашу;
- Материалды логикалық тұрғыдан құру;
- Аталған жұмысты безендіру;
- Материалды толық ашу және сауаттылық, көркем сөздерді тиімді қолдану.
6. Марапаттау
Байқаудың қорытындысы бойынша шығармалар тілдеріне байланысты бірінші, екінші, үшінші орындарға бөлінеді. Байқаудың жеңімпаздары мен жүлдегерлері грамоталармен және ұйымдастыру комитетінің шешімімен «Балдәурен» РОСО жолдамалар беріледі.
Байқаудың қорытындысы 2011 жылдың қараша айында шығарылып, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Үздік шығармалар орталықтың ағымдағы басылымдарында және http://www.baldauren.org сайтында қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді.
7. Жұмыстар мына мекен-жай бойынша қабылданады:
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығы, вaldauren@mail.ru поштасына «Үздік лагерь шығармасы» атауымен жіберілуі қажет, 021700, Ақмола облысы, Щучинск қ, Щучье көлінің оңтүстік-батыс бөлігі тел. факс: 8 (71636) 4-50-99
ЖАҢАЛЫҚ
Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің
20 жылдығына орай, «Табыс кілті» айдарымен
нақты ғылымдардың Республикалық балалар
фестивалі өтті
Білім жүйесінің 2011-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, Қазақстан Респуликасының мектептерінің математика мұғалімдерінің І съезінің қарсаңында Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің, мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру департаментерінің қолдауымен 5-9 сыныптар арасында 2011 жылдың 11- 30 сәуір аралығында«Балдәурен» РМҚК РОСО Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай «Табыс кілті» айдарымен өткен нақты ғылымдардың Республикалық балалар фестивалі бағдарламасы аясында І Республикалық физика-математика олимпиадасы өткізілді.
Олимпиаданың І турына еліміздің барлық аймақтарынан келген аудандық, обылыстық, республикалық, мектепішілік математика-физика пәндерінің олимпиадаларының жеңімпаздары – 293 оқушы қатысты. Осы оқушылардың көпшілігі ауылдық мектеп оқушылары. Олимпиаданың ІІ турына осы оқушылар арасынан 107 оқушы өтті.
Физика-математикалық олимпиаданың ІІ турының қорытындысы
МАТЕМАТИКА
6 сыныптар
2 орын – Байдаулетов Дайыр Астана қ.
Алданова Дина Карағанды қ.
3 орын – Айкеев Беклан Карағанды қ.
7 сыныптар
1 орын – Дәрімбеков Жәнібек Карағанды қ
2 орын – Рысдаулетова Лаура ШҚО
3 орын – Өксікбаев Темірлан Жамбыл облысы
Ерембесов Ади г. Алматы
8 сыныптар
1 орын – Саблин Николай ШҚО
Джарас Айнель Алматы қ.
2 орын – Хусаинов Ильяс ШҚО
Ахметова Айнура Алматы қ.
3 орын – Шабаева Лиана Кызылорда облысы
Балмуханова Толганай Карағанды облысы
9 сыныптар
1 орын – Абдрахман Ақбота ОҚО Кеңтай қаласы ГРАН-ПРИ
2 орын – Альжанов Темирболат СҚО
Қуанай Асем БҚО
3 орын – Бекбауов Аманбек Актөбе облысы
Арзиев Сухрат Алматы қ.
ФИЗИКА
8 сыныптар
1 орын – Шарипов Динай Алматы қ.
Никитин Михаил Алматы қ.
2 орын – Кориков Расул ОҚО
Кәрібаев Сұлтан Алматы қ.
3 орын – Самбет Санжар Жамбыл облысы
Оспанов Абухаир Ақмола облысы
9 сыныптар
1 орын – Есниязова Тогжан Карағанды қаласы - ГРАН-ПРИ
2 орын – Ильяс Нұрсұлтан Кызылорда облысы
Жеңімпаздар мақтау грамоталарымен, «Балдәурен» ескерткіштерімен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.


